
"Ланъя" вирусы алғаш рет төрт жыл бұрын геномдық зерттеу нәтижесінде табылған.
Кейіннен екі жыл ішінде Қытайдың екі провинциясында тағы 35 адамнан осындай вирус анықталды. Науқастарда келесі белгілер байқалды: қызба, шаршағыштық, жөтел, миалгия, жүрек айну, бас ауруы, тәбеттің болмауы.
Бұл зоонозды инфекция, яғни адамдар вирусты ауру жануарлардан жұқтырады.
Вирусқа антиденелер үй жануарларында – ешкілер мен иттерде анықталды. Жабайы табиғатта вирус шіркейлерде кездеседі.
Қазақстанда "Ланъя" вирусын жұқтыру жағдайлары жоқ.