Түркістан облысында халық арасында паразиттік аурудың сандық көрсеткіші төмендеуде

Түркістан облысында халық арасында паразиттік аурудың сандық көрсеткіші төмендеуде

             Түркістан облысында өзекті паразиттік аурулардың эхинококкоз, аскаридоз, энтеробиоз, гименолепидоз, лямблиоз, қышыма, дерматомикоз сияқты т.б. түрлері кездеседі.

             2022 жылдың 7 айында өңірде жалпы паразиттік аурулардың 1184 жағдайы тіркелді. 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 75 жағдайға аз. Яғни, 100 мың тұрғынға шаққанда 58,4-ті құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,4 % төмендеген.

             Жұқпалы тері аурулары арасында дерматомикозбен  сырқаттанушылықтың  3%-ға, қышыма 20,5%, ішек инфекциялары бойынша  энтеробиоз 26,8%, лямблиоздың  6 жағдайға төмендегені байқалады.

             Алайда,  паразиттік аурулардың  кейбір  түрлері  азаймай отыр.   Мәселен,  аскаридоз 3%, дерматомикоз 68,5% , эхинококкозом  +7  жағдайға артқан. Паразиттік ауруларға шалдыққандардың 59,4%-ы 14 жасқа дейінгі балаларды құрайды.

             Паразиттер  адам ағзасында ластанған ауыз су, жуылмаған көкөніс арқылы, гигиена қағидаларын сақтамағаннан пайда болады.

             Қарапайым гигиеналық тазалық қағидаларын сақтау паразиттік ауруларды жұқтырудан қорғауды қамтамасыз етеді.

            Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары төмендегі қағидаларды ұстануға кеңес береді.

-Үйді және денені таза ұстау;

-Серуендеуден кейін, тамақтанар алдында және жануарларды ұстағаннан кейін қолды сабындап жуу;

-Тағам өнімдерін (етті, балықты) және суды термиялық өңдеу; жеміс пен көкөністі, аскөкті мұқият тазалап жуу;

-Үй жануарларын дегельминтизациялау.