
Кез келген вакцина өмір бойы қорғаныш қалыптастыра алмайды. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін екпенің күші әлсірейді, антиденелер жойылады. Сәйкесінше ауруды жұқтырып алу қаупі күшейеді.
Індетті тоқтатудың бірден-бір төте жолы - вакцинация. Ол ауырмаудың және ауырғанның өзінде жеңіл өткерудің кепілі.
Ұлт саулығын қамтамасыз етудегі маңызды шарадан қалыс қалмай, еліміздің әрбір тұрғынын азаматтық танытып, жақынға жанашыр болуға шақырамыз.