Қарағанды облысында кәсіби сырқаттанушылық көрсеткіші артты

Қарағанды облысында кәсіби сырқаттанушылық көрсеткіші артты

               2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Қарағанды облысының аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарына 53 тексеру жүргізді. Олардың барлығы зертханалық-аспаптық зерттеумен жүргізілді.

              Өнеркәсіптік объектілерде жұмыс аймағының 2 418 ауа сынамасы зерттелді: оның ішінде ШРК (шекті рұқсат етілген концентрациясы) артуымен 504 сынама (20,8%), оның ішінде 1-2 қауіптілік класындағы заттарға - 820 ШРК артуымен - 8 (0,98%) анықталды. Булар мен газдарға 1 086 сынама зерттелді: ШРК артуымен 87 (8,0%), қауіптілігі 1-2 кластағы заттарға 441 сынама тексерілді, ШРК артуымен сынамалар анықталған жоқ. Шаң мен аэрозольдерге 1 332 сынама зерттелді: ШРК артуымен – 417 сынама (31,3%), қауіптіліктің 1-2 класындағы заттарға 379 сынама зерттелді, ШРК артуымен 8 (2,1%) сынама анықталды.

             Тексеру барысында өнеркәсіптік объектілердің 345 жұмыс орнында электромагниттік өрістердің деңгейі өлшенді: ШРД (шекті рұқсат етілген деңгей) артуымен 23 (6,6%) болды. 274 жұмыс орнында шу деңгейі де өлшенді, ШРД-дан асуы 13-де (4,7%) тіркелді. Микроклимат көрсеткіштері 1 025 жұмыс орнында зерттелді: сәйкес келмейтін  ШРД - 29 (2,8%) тіркелді. Жарықтандыру деңгейі 1000 жұмыс орнында өлшенді, оның 92-сі (9,2%) ШРД сәйкес келмейді. 224 жұмыс орнында жүргізілген діріл деңгейін өлшеу ШРД артуын тіркемеді.  

              Ерекше тәртіп бойынша тексерулер 43 объектіде бұзушылықтарды көрсетті. ҚР ӘҚБтК – нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жаза 31-де – яғни 14 349 150 теңге сомасында тіркелді. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 29 ұйғарым ресімделіп, табыс етілді. Барлық ұйғарымдардың орындалуын аумақтық басқармалар бақылайды, олар құжаттарда көрсетілген мерзімде тексеріледі.

              Қанағаттанарлықсыз еңбек жағдайларының нәтижесі - өнеркәсіптік кәсіпорындарда кәсіби ауруларды тіркеу болып отыр. 2022 жылдың 6 айында осындай 487 жағдай тіркелді – бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 344 жағдайға көп. 10 мың жұмысшыға шаққанда кәсіби сырқаттанушылық көрсеткіші - 64. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 21-ге жеткен болатын.

              Аумақтық басқармалар мен Департамент тоқсан сайын кәсіби сырқаттанушылыққа талдау жүргізеді. Бұдан басқа, ведомстволар еңбек жағдайларын жақсарту және кәсіби сырқаттанушылықтың алдын алу үшін басқарушылық шешімдер қабылдау бойынша іс-шаралар әзірлеуде. Өйткені қызметкерлердің еңбек жағдайларының жай-күйі оның салдары ретінде кәсіби сырқаттанушылық пен мүгедектік көрсеткіштеріне тікелей әсер етеді. Бұл аурулар түрі сирек кездесетініне қарамастан, әлеуметтік маңызы зор: олар көптеген жұмыскерлерді қамтиды, ағымы ауыр болып, оның нәтижесінде еңбекке қабілеттілікті де жоғалтуға болады. Халықтың денсаулығын сақтау, әсіресе өндіріс жағдайында - аса маңызды мәселе.