
Бір кездері біздің дастарханымызға арналған экзотикалық тағам уақыт өте келе қазақстандықтардың сүйікті тағамдарының біріне айналды. Бүгінгі таңда суши мен ролдарды кез-келген тамақтану орнынан табуға болады. Біздің жеткізу қызметтеріміз де дамыған. Әлеуметтік желілер әртүрлі акциялары және тартымды бағалары бар жарнамаларға толы. Бірақ, ең алдымен, оларды сапасы бойынша тексерілген жерлерде таңдау керек. Расында, сапасыз өнімді таңдағанда тамақтан улану қаупі бар. Мұндай тағам тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
Суши мен ролдарды дайындау кезінде термиялық өңдеудің болмауы адам денсаулығына негізгі қауіп болып табылады. Егер дұрыс сақталмаса және пісіру технологиясы бұзылса, сондай-ақ сапасыз өнімдерді қолданған кезде тамақтан улану қаупі бар. Балықпен уланудың ең көп таралған қоздырғыштары – стафилококктар, вибриондар, бациллалар, сальмонеллалар, листерия және клостридиялар.
Суши немесе ролдардан улану белгілерінің тағы бір себебі – теңіз балықтарындағы ауыр металл тұздарының, атап айтқанда сынаптың мөлшері. Улану қаупін азайту үшін суши мен ролдарды айына екі-үш реттен көп емес тұтыну ұсынылады.
Суши немесе ролдардан улану белгілері кез-келген тамақтан улануға ұқсайды.
Құрметті азаматтар!
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті сізді суши мен ролдарды тек тексерілген жерлерден жеуге шақырады. Жазғы кезеңде мұндай тағамды жеуден мүмкіндігінше бас тартқан жөн. Өзіңізді қорғаңыз және аман-саулықта болыңыз!