Атырау облысындағы субұрқақтар санитариялық-химиялық көрсеткіштер нормаларына сәйкес келмейді

Атырау облысындағы субұрқақтар санитариялық-химиялық көрсеткіштер нормаларына сәйкес келмейді

             Жаз маусымында күннің ыстық болуына байланысты, кейбір адамдар, әсіресе балалар субұрқақтарындағы сумен салқындағанды жөн көреді. Субұрқақтар шомылуға емес, эстетикалық мақсаттарға арналған.

             Субұрқақтарында шомылу қауіпсіз емес, біріншіден су астындағы плиткалардан тайып құлауға болады. Екіншіден, су бұрқақтарына әртүрлі жұқпалы және паразитарлық ауруларды тасымалдауы мүмкін құстар мен қаңғыбас иттер түседі. Субұрқақтарындағы судың бассейндерден айырмашылығы су үнемі ауыстырылмай, өңдеуден өтпегендіктен субұрқақтардың суында ішек инфекциясының бактериялары, вирустық гепатит «А», энтеровирустық және серозды менингит жұқпалы ауруларының қоздырғыштары және тағы басқалар болуы мүмкін. Көптеген жұқпалы аурулар ауыр хәлге шалдықтырып, мүгедектікке немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Сондай-ақ салқын тиюдің қауіптілігін ұмытпаған жөн.

             Жазғы кезеңде мамырдан бастап қыркүйекке дейін Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті вирусологиялық, санитариялық-химиялық және бактериологиялық көрсеткіштерге су сынамаларын ала отырып, субұрқақ кешендерінің су сапасына мониторинг жүргізеді.

             Облыста 30 субұрқақ бар, оның 25-і зертханалық бақылаумен қамтылып, жұмыс істеп тұр. Ағымдағы жылы вирусологиялық, бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 17 су сынамасы алынды. Сәйкес келмейтін сынамалардың негізгі көлемі санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша анықталған.

             Су мониторингінің нәтижелері бойынша шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ бұрқақтарға қызмет көрсететін ұйымдарға ұсынымхаттар жолданды.

             Құрметті Атырау қаласының тұрғындары және қонақтары!

             Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті субұрқақтарда шомылудан бас тартуға, өзіңіз бен жақындарыңызға инфекция жұқтыру қаупін туындатпауға кеңес береді.

             Балаларға субұрқақтарда шомылуға рұқсат бермеңіз және зардаптары жайлы ойланыңыз.