Санитариялық - эпидемиологиялық ахуал туралы

Санитариялық - эпидемиологиялық ахуал туралы

             20 маусымнан бастап республика бойынша КВИ жұқтыру көрсеткіші арта бастады. Соңғы екі аптада вирус жұқтырғандар саны 3,2 есеге өсті.

             Өткен тәулікте КВИ-дің оң нәтижесімен 2021 жағдай, КВИ-дің теріс нәтижесімен 1 жағдай тіркелді, өлім-жітім тіркелген жоқ.

            Бағалау матрицасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы сары аймақта, Қазақстан Республикасы және қалған өңірлер жасыл аймақта тұр.

            Бүгінгі күні инфекциялық төсек-орынмен қамту 30%-ды, реанимациялық төсек-орынмен қамту 7%-ды құрайды.

           Қазіргі уақытта 5 млн астам адам ревакциналаудан өтті (ревакциналауға 7 млн 430 мың адам жатады), бұл тиісті контингенттің 68%-ын құрайды.