Шымкентте кәсіпкерлерге коронавирусты инфекцияға қарсы сақтық шараларын күшейту ұсынылды

Шымкентте кәсіпкерлерге коронавирусты инфекцияға қарсы сақтық шараларын күшейту ұсынылды

             Шымкент қаласында коронавирусты инфекциямен науқастану саны артып отыр. Өткен аптада (25.07.-31.07.2022ж.) COVID-19-дың 466 жағдайы тіркелді. Ауру 18 жасқа дейінгі балалар арасында да тіркелуде. Дегенмен, ауырғандардың дені – ересектер.

             Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары ошақтарда эпидемиологиялық зерделеу жұмыстарын жүргізіп, аурудың алдын алу бойынша іс-шаралар және санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынуда.

             Қала эпидемиологтары азаматтарды мүмкіндігінше адам көп шоғырланған жерлерге бармауға, қоғамдық орындарда және қоғамдық көліктерде бетперде тағып, қолдарын антисептикпен өңдеп, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақыра отырып, сақтық шараларын барынша күшейту қажеттігін ескертуде.

             Сонымен қатар, Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі індеттің одан әрі таралуының алдын алу мақсатында кәсіпкерлік объектілеріне, атап айтар болсақ, сұлулық салондары, шаштараздар, SPA және массаж салондары, монша, сауна, бассейндер, қонақ үйлер, отельдер және хостелдер, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орындары және т.б. объектілерде ауруға қарсы сақтық шараларын күшейтуді ҰСЫНАДЫ:

- жеке қорғаныш құралдарының (арнайы киім, медициналық бетперде), дезинфекциялық және жууға арналған заттадың, қолды өндеу үшін антисептиктер қорының болуы;

- желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің профилактикалық тексеру, жөндеу жүргізе отырып, үздіксіз жұмыс істеуі, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау, желдету режимін қамтамасыз ету және сақтау;

- персонал арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі, кварц шамдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы нұсқама жүргізу, олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау;

- санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы) қамтамасыз ету;

- халыққа қызмет көрсету кезінде өзін қорғау мақсатында бетперде тағып жұмыс істеу;

- көрінетін және қолжетімді жерлерге қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерін орнату;

- техникалық персонал (жинаушылар) дезинфекциялық іс-шараларды жеке қорғаныш құралдарын: униформа, қолғап, медициналық бетперде пайдалана отырып жүргізу;

- өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, орындықтарды, үстелдерді), жалпы пайдалану орындарын (гардеробтар, тамақ қабылдау, демалыс бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, әрбір клиенттен кейін демалыс аймағында ылғалды жинау жүргізу;

- пайдаланылған медициналық бетперделерді бір рет қолданылатын орау пакеттеріне жинап, қалдықтарға арналған арнайы контейнерлерге тастау;

- тұрақты түрде жұмыс орындарын және келушілерге арналған үй-жайларды желдету.

             Егер, өзіңізді жайсыз сезінсеңіз немесе науқастанып қалған жағдайда, аурудың таралуын болдырмау үшін көпшілік орындарға бармай, үйде қалып, дәрігерді үйге шақыру керек.

             Осы орайда, індеттің алдын алудың ең тиімді жолы вакцинация екендігін атап өту керек. Дер кезінде алынған вакцина – дерттің таралып кетпеуіне бірден-бір себеп. Алайда, белгілі бір уақыт өткеннен кейін екпенің күші әлсірей бастайды, сондықтан уақтылы қайта екпе алу маңызды.

            Вакцинациялау егуді жүргізуге алдын ала ақпараттандырылған жазбаша келісіммен, ерікті түрде және ТЕГІН жүргізіледі.

            Шымкент қаласында егу науқаны басталғалы барлығы 603667 адам вакцинацияланған, оның ішінде 594986 адам вакцинаның екі компонентін алған. 362693 адам ревакцинациядан өтті.

           Екпе алып, індеттен аман қалу мүмкіндігі әр адамда бар. Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын қорғау үшін вакцинация алу қажет!