Шет елдерге шығатын туристерге арналған жадынама

Шет елдерге шығатын туристерге арналған жадынама

             Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі - ДДҰ) мәліметі бойынша әлемде маймыл шешегі (monkeypoxes – MPXV) таралып жатыр. ДДҰ-ның алдын ала деректері бойынша әлемнің 87 елінде 22 795 жағдай тіркелген.

             Осыған байланысты, Қазақстанда туризм саласы дамығандықтан, жазғы каникулдың және демалыс маусымының, жаппай жиналыстардың, фестивальдердің (оның ішінде Еуропа өңірінде) басталуына байланысты мынадай ұсынымдар береміз:

1) маймыл шешегінің өршуі тіркелген Батыс Африка елдеріне (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д'Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан) (әсіресе балалармен) бармаңыз;

2) шет елдерге шыққан кезде жабайы жануарлармен (приматтармен, кеміргіштермен) байланыс жасамаңыз, стихиялық және көше саудасы орындарында тамақ ішпеңіз, тамаққа тек термиялық өңделген етті (өнімдерді) пайдаланыңыз, адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде жеке профилактика шараларын (қашықтық сақтауды, маскаларды, дезқұралдарды) пайдаланыңыз, қол және тыныс алу ағзаларының гигиенасын сақтаңыз.

3) егер сапардан келгеннен кейін 3 апта ішінде ауырсынуды, температураны, бөртпені (қызару, көпіршіктер және т.б.) сезінсеңіз, шет елде болғаныңыз туралы міндетті түрде хабарлап, тез арада жақын жердегі медициналық ұйымға хабарласыңыз.