
Жазда, әдетте, тамақтан улану жағдайлары жиілейді, өйткені осы кезеңде қауіпті бактериялардың тез көбеюіне байланысты қауіп айтарлықтай артады. СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары талдау жүргізіп, жіті ішек инфекцияларымен сырқаттану жағдайларының 90%-тен астамы үйде дайындалған өнімдермен және жеке гигиенаны сақтамаумен байланысты екенін анықтады.
Жыл басынан бері жіті ішек инфекцияларының 149 жағдайы тіркелген, 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 16,46%-ке төмендеу байқалады (2021 жылы-180). ЖІИ топтық және өршу аурулары тіркелген жоқ.
Негізінен ЖІИ-мен 14 жасқа дейінгі балалар ауырады – аурудың 72% (73 жағдай), 14 жасқа дейінгі балалардың жоғары үлес салмағы Петропавл қаласында (17 жағдай) және Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда байқалады (3 жағдай).
Тәуекелдің негізгі тобы 0-ден 2 жасқа дейінгі балаларды құрауда, олардың арасында 44 жағдай тіркелген. Мамандар берілудің 86 жолын анықтады, оның ішінде тамақ – 100%.
Аурудың негізгі себебі үйде дайындалған өнімдер болды – барлық жағдайлардың 62%. Жеке гигиенаны сақтамау – 30%, көкөністер мен жемістер – 2%, сүт және сүт өнімдері – 4%, ет және ет өнімдері – 2%. ЖІИ ошақтарынан 43 ауыз су сынамасы зерттелді, оң нәтиже табылған жоқ.
Сондай-ақ, өңірде дизентерияның 2 жағдайы тіркелген. Дизентерияның микробты көрінісі – Шигелла Spp.
Улануды болдырмауға көмектесетін қарапайым қағидаларды есте сақтаңыз
- жеке гигиена қағидаларын қатаң сақтаңыз, қолыңызды әсіресе тамақтанар алдында және дәретханаға барғаннан кейін сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;
- қайнатылған, бөтелкедегі немесе кепілдендірілген сапалы суды пайдаланыңыз;
- көкөністерді, жемістерді, жидектерді ағын су астында тұтынар алдында мұқият жуып, ал кішкентай балалар үшін – қайнатылған сумен жуыңыз;
- кездейсоқ адамдардан немесе рұқсат етілмеген сауда орындарынан тамақ өнімдерін сатып алмаңыз;
- ыстық және суық тағамдарды дайындау кезінде гигиена қағидаларын сақтаңыз, тамақ өнімдерінің, әсіресе тез бұзылатын тағамдардың жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттарын сақтаңыз, шикі тағамдар мен дайын тағамды бөлек сақтаңыз;
- тағамдарды, әсіресе ет, құс еті, жұмыртқа және теңіз өнімдерін мұқият қуырыңыз немесе қайнатыңыз;
- тез бұзылатын тағамдар мен дайын тағамды тек тоңазытқышта 2-6С температурада сақтаңыз;
- жаңа дайындалған тағамды алдыңғы күннің қалдықтарымен араластырмаңыз, бірақ егер дайын тағам басқа күні қалса, оны қолданар алдында термиялық өңдеуден өткізіңіз;
- тұрғын үйді үнемі таза ұстаңыз және жеке гигиена қағидаларын сақтаңыз, кішкентай балаларға қайнатылмаған сүт, шикі жұмыртқа бермеңыз, тамақ дайындау үшін тек жаңа өнімдерді пайдаланыңыз.
Мәселен, жемістер мен жидектер, әсіресе құрамында көп суы барлары жазда тез бүлінеді. Оларға қарбыз, қауын, өрік, шабдалы, шие, құлпынай, яғни маусымдық жидектер мен жемістердің көпшілігі жатады. Егер сақтау және тасымалдау шарттары сақталмаса, мұндай өнімдердің микробтық ластану қаупі жоғары. Жуылған, аршылған және туралған жемістердің сақтау мерзімі тым қысқа – оларды үстелге қойғаннан кейін бірден жеген жөн.