
Туберкулез жаһандық проблема болып қалып отыр, әлемдік қоғамдастық тарапынан қабылданып жатқан шараларға қарамастан, әлемдегі эпидемиологиялық жағдай өте күрделі күйінде қалып отыр.
Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында Павлодар облысында халықтың сырқаттану деңгейі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,7%-ке өсті. Осы жылдың басынан бері туберкулездің 154 жаңа жағдайы тіркелді, ал 2021 жылы 145 жағдай болған еді.
Туберкулезбен ауыратындар үздіксіз ұзақ емделуге жатады. Емдеу ұзақтығы аурудың түріне байланысты төрт айдан бір жылға дейін немесе одан да көп мерзімге созылуы мүмкін. Ерте диагноз қою және уақтылы емдеу өте маңызды.15 – тен және одан жоғары жас тобындағы тұрғындарға көкірек қуысының флюорографиясы, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерде тері астына Манту сынамасын (туберкулинодиагностика) жасау ерте диагностикалау мен алдын алудың негізгі әдістеріне жатады.
Жоспарлы иммундауды жүзеге асырудың көп жылдық тәжірибесі туберкулезге қарсы күрестің бұл әдісінің тиімділігін көрсетті. Мантудың жыл сайынғы жүйелі теріішілік сынамасы балада туберкулезді жұқтырудың бар-жоғын анықтауға және инфекцияның әлі дамымаған кезеңінде алдын алуға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы 36345 манту сынамасы, 10 700 диаскинтест жасалды. Жүргізілген ем-шаралардың нәтижелері бойынша Павлодар облысында 75 бала химиялық профилактика қабылдайды.
Аталған жұқпалы ауруға қарсы вакцинациялау жаңа туған нәрестелерге перзентханада өмірінің алғашқы 1-4 күнінде, ал туберкулез микобактериялары жұқпаған туберкулині теріс балаларға өмірінің 6-7 жасында (1 - сынып) ревакцинация жүргізіледі.
Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің эпидемиологтары фтизиатр-дәрігердің кеңесін алудан бас тартпауды, оған баруды кейінге қалдырмауды ұсынады - өйткені сізге жақын жандардың денсаулығы осыған байланысты. Салауатты өмір салтын ұстану, профилактикалық медициналық тексерулерге уақтылы бару, қажет болған жағдайда уақтылы және толық емделу – Сіздің денсаулығыңыздың ең жақсы кепілі!