Атырау облысында жазғы лагерьлер қалай өтуде?

Атырау облысында жазғы лагерьлер қалай өтуде?

             Жаз келісімен балалардың ең қызықты шағы болып саналатын жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысы басталды. Балалардың демалысы естен кетпестей болу үшін әр ата-ана лагерьлерді жан-жақты іздестіреді.

             Нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алған балаларды сауықтыру ұйымдарының тізімі Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында орналастырылған.

             Атырау облысының Индер ауданында «Жас Өркен» және Махамбет ауданында «Арай» лагерьлері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алды.

             Ағымдағы маусымда 126 мектеп жанындағы лагерь мен 2 қала сыртындағы лагерь жұмыс жасауда.

             Бүгінгі күні мектеп жанындағы лагерьлерде жоспарланған  8428 баланың 8369-ы және қала сыртындағы «Жас Өркен» мен «Арай» лагерьлерінде 1488 баланың 1026-сы демалып шықты. Балалардың жазғы сауықтыру лагерьлерінде бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.

Құрметті ата-аналар!

             Балаларды демалыс ұйымдарына жіберер алдында оның тазалығына, азық-түлік сапасына, медицина қызметкерлерінің болуына, ауыз су режимінің  сақталуына, шынықтыру шараларының жүргізілуіне және т.б. санитариялық талаптардың сәйкес келетініне көз жеткізу аса маңызды! Таңдау алдында Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтына кіріп,барлық ақпараттарды толықтай алуға болады.