Ақтөбе облысында көкөніс-жеміс өнімдерінде нитраттар шоғырлануының артуы анықталды

Ақтөбе облысында көкөніс-жеміс өнімдерінде нитраттар шоғырлануының артуы анықталды

             Бүгінгі күні елімізде жаңа піскен көкөністерді, жидектерді және бақша дақылдарын белсенді сату маусымы басталды. Қазіргі заманғы нарық олардың алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Өнімді таңдаудың алуандығында сапасыз тауар сатып алмау үшін қырағы болу керек.

             Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізеді, оның шеңберінде нитраттардың құрамына жеміс-көкөніс өнімдерінің 72 сынамасы, оның ішінде бақша дақылдарының 6 сынамасы іріктелініп алынып, зерттелді. Оның ішінде, қауынның екі сынамасында нитрат концентрациясының 2,3 есеге артқаны анықталды. Анықталған жағдайлар бойынша кәсіпкерлік субъектісіне өнім қалдықтарын сатудан алу туралы және өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды ұсыну бойынша ұйғарым берілді, ол бақылауда. Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін білдіретін құжаттардың сәйкестігі туралы декларацияны тапсырғаннан кейін өнім өндірушілер белгілі болады, содан кейін қажетті шаралар қабылданады.

             Өндірушілер тыңайтқыштарды рұқсат етілген дозаларынан артық қолданып жіберуге тырысады, өткені тез арада піскен өнім алғысы келеді. Алайда осындай тәсілмен өсірілген өнім әрдайым пайдалы бола бермейді.

             Нитраттар, азот қышқылының тұздары адам ағзасында нитриттерге айналады, ол организмге зиянын тигізеді. Егер организм нитриттерге  толып кетсе, бұл уланудың ауыр түрлеріне әкеледі. Бұл жағдайға көбінесе балалар мен жүкті әйелдер сезімтал келеді.

            Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары көкөніс-жеміс өнімдерінен улану жағдайларының алдын алатын төмендегі қарапайым қағидаларды халыққа ұсынады:

- өнімдерді азық-түлік базарларынан, супермаркеттерден және арнайы дүкендерден сатып алған жөн. Жайма базар орындарынан сатып алмаңыздар!

- өнімді сатып аларда, сіз сатылып жатқан өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды (сәйкестік туралы декларация) сұрату керек;

- нитраттың тұтынылатын мөлшерін азайту үшін көкөністер мен жемістерді қабығынан, тамырларынан, сабақтарынан мұқият аршыңыз.

- кесілген қарбызды сатып алмаңыз. Қарбыздың бетіндегі кір пышақпен кескен кезде ішіне оңай түседі;

- өнім қабығының бүлінбеуіне назар аударыңыз! Оның жарылмаған, соғылмаған, майыспаған болуы өте маңызды, өйткені соғылған қарбыздың іші тез бұзылады;

- кесілген өнімдерді тоңазытқышта бір күннен артық сақтамаған жөн;

- жемісті қабыққа дейін жемеңіз, нитраттардың көпшілігі қабыққа жақын және сабақтарында болады.