
Туберкулез – әлемде кең таралған ауыр, қауіпті жұқпалы сырқат. Әр адам күнделікті өмірде туберкулездің алдын-алу туралы білімдерін жақсы меңгерген және қолданған кезде ғана оның өсімін тоқтатуға болады.
Өңір бойынша халықтың туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейі ағымдағы жылдың 6 айында 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,04 есеге артты, жаңадан анықталған туберкулездің 168 жағдайы тіркелді (2021ж.-161). 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 2021 жылғы 21,9-ға қарағанда 22,9-ды құрады (ҚР бойынша 6 айдағы көрсеткіш -19,62).
Туберкулезбен сырқаттанушылық құрылымында тыныс алу ағзалары туберкулезінің үлесіне 90,5% (152 жағдай) келеді, оның ішінде бактерия бөлетін тыныс алу ағзаларының туберкулезі 49 жағдайды құрайды, бұл 32,2%-ті құрайды.
0-14 жас аралығындағы балалар арасында аурудың 6 жағдайы тіркелді: Көкшетау қаласында - 3, Степногор қаласында - 1 және Целиноград ауданында - 2 жағдай.
Туберкулездің алдын алуда бала дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 2 күнде қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда перзентханада жасалатын БЦЖ вакцинациясы маңызды рөл атқарады. 6 және 7 жаста жүре пайда болған иммунитетті сақтау үшін қайта вакцинациялау (ревакцинация) жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 6 айында облыста 5249 нәресте (90,6%) егілді.
Халықты флюорографиялық тексеру жұқпалы аурудың ерте кезеңдерінде ересек адамдарда туберкулезді анықтаудың маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Жарты жыл ішінде барлығы флюорографиялық тексерумен 204241 адамның 192704-і қамтылды, бұл 94,3%-ды құрайды, оның ішінде міндетті контингенттің жоғары қауіп-қатер тобын тексерумен қамту 95,1%-ды құрады.
Туберкулезді диагностикалау да аурудың ерте сатыларында балалар арасында туберкулезді анықтаудың маңызды факторларына жатады, оның нәтижесінде облыс бойынша жоспарланған 27591 баланың ішінде 25868 бала манту реакциясы бойынша тексерілді, бұл 93,8%-ды құрады.
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық басқармалары медициналық ұйымдармен бірлесіп, туберкулездің алдын алу бойынша тұрақты негізде ұйымдастыру-әдістемелік жұмысын жүргізеді.
6 айда медицина қызметкерлері арасында 29 семинар өткізілді, тұрғындармен 381 әңгіме, 18 дөңгелек үстел өткізілді, 351 дәріс оқылды, бұқаралық ақпарат құралдарында 499 материал жарияланды, 39 флешмоб өткізілді, 417 санбюллетень шығарылды, 11147 үнпарақ пен плакат таратылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Құрметті өңірдің тұрғындары!
Есіңізде болсын, кез келген жұқпалы ауруды ерте анықтау оны жеңілірек емдеуге және қоздырғыштардың айналадағыларға берілу қаупін болдырмауға көмектеседі. Уақтылы анықтау, дәрігердің жазып берген дәрігерлерін қабылдау, дұрыс бақыланатын емдеу кезінде туберкулезді емдеуге болады!