
Нұр-Сұлтан қаласында SARS-Cov-2 вирусының "Омикрон" және "Стелс-Омикрон" штамдарының жалғасуына байланысты қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрделене түсуде. Мәселен, бір тәулік ішінде жаңа жағдайлар саны 642-ге жетті. Осылайша, эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың жаңа матрицасы бойынша стационарға жатқызылғандардың көрсеткіші негізінде қала 21 шілдеде "сары" аймаққа өтті.
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттану жағдайларын тіркеуді ұлғайтуды және эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес орташа тәуекел аймағына ("сары" аймаққа) көшуді ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласының Бас санитариялық дәрігері мынадай шектеу шараларын қабылдайды:
науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтықтан жұмыс түріне ауыстыру;
COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыру;
адамдар көп жиналатын орындарға (сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, rонцерт залдары, театрлар, кинотеатрлар, стадиондар және басқа да спорт ғимараттары және т. б.) барған кезде және қалалық қоғамдық көлікте жол жүрген кезде, сондай-ақ 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда бетперде кию ұсынылады;
10-нан астам адамның қатысуымен өтетін жиналыстарды онлайн форматқа ауыстыру ұсынылды;
Осыған байланысты, астаналық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті барлық адамдарды аса қажетсіз адамдар көп жиналатын орындарға бармауға, барлық шектеу ұсыныстарын орындауға шақырады.
Вакцинация және ревакцинация инфекциядан жалғыз қорғаныс болып қала бермек. Сондықтан біз вакцинация мен ревакцинациядан өту арқылы ғана аурудың өсуіне қарсы тұра аламыз !Уақыттан кешіктірмей, коронавирусқа қарсы вакцинация алыңыз! Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына қауіп төндірмеңіз!
Ержан Байтанаев, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі