Нұрқан Сәдуақасов бизнес қауымдастықпен отырыс өткізді

Нұрқан Сәдуақасов бизнес қауымдастықпен отырыс өткізді

              Бүгін қоғамдық тамақтану саласындағы кәсіпкерлік мәселелері бойынша сарапшылар тобының отырысы өтті. Отырысқа кәсіпкерлердің құқықтары жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Нұрқан Сәдуақасов, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, салалық қауымдастықтардың және "Атамекен" ҰКП өкілдері қатысты.

              Отырыс барысында салалық қауымдастықтардың, Ұлттық экономика министрлігінің, "Атамекен" ҰКП-ның және Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ұстанымдары тыңдалды.

              Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Нұрқан Сәдуақасов бизнес-қоғамдастықтың бірқатар ұсыныстарын қолдады. Ол мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұратынын және жекелеген мәселелер бойынша бизнес ұсынатын түзетулердің қоғамдық тамақтану қызметтерінің қауіпсіздігіне ықтимал әсерін бағалау үшін ғылыми қоғамдастықты тарта отырып талқылау жүргізу қажет екенін де атап өтті.

              Кеңес соңында тараптар Н. Сәдуақасовтың ұсынысын қолдады. Жақын арада мүдделі тараптардың қосымша консультациялары өткізілетін болады. Бизнес өкілдері мемлекеттік органдарға бизнесті дамыту үшін кедергілерді азайтуға бағытталған ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.