Абайлаңыз: Фейк!

Абайлаңыз: Фейк!

             Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті - Жетісу облысының Сарқан ауданының тұрғындары жаппай судан уланып жатқаны туралы ақпарат ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙТЫНЫН хабарлайды.

              Сарқан аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының "Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-193/2020 2022 жылға арналған бұйрығына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу шеңберінде коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімі микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге судың мониторингін тұрақты негізде жүргізетінін хабарлаймыз. Соңғы зерттеулердің нәтижелері бойынша судың микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштері санитариялық нормаға сәйкес келеді. Сонымен қатар, тұрғындар аудандық ауруханаға улану туралы шағымдарымен жүгінбегендерін хабарлаймыз.

             Құрметті қазақстандықтар, арандатушы фейк хабарламаларға сенбеулеріңізді сұраймыз. Ресми дереккөздерден тек сенімді ақпаратты оқыңыз.

              Сондай-ақ, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске саламыз.