
Халық арасында жұқпалы аурулардын таралуын алдын алу мақсатында Қарағанды облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және аумақтық бақылау басқармалары, суға шомылуға дейінгі және шомылу маусымы кезіндегі ауданда орналасқан 47 ашық су қоймасын бақылауға алды.
Суға түсу маусымы басталғанға дейін жеке демалыс орындарының иелері және жалға алушыларымен демалыс орындарын ашу және пайдалану кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтау мәселелері бойынша 19 онлайн кездесу өткізілді.
Суға түсу маусымына қарай халық арасында жұқпалы және паразиттік аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісуіне жол бермеу мақсатында аумақтық департаменттер жергілікті атқарушы органдарға, жеке демалыс орындарының иелері мен жалға алушыларына профилактикалық іс-шараларды жүргізу, талаптарды сақтау үшін 57 ақпараттық хат жолдады.
Аумақтық басқармалар ашық су қоймалардан су сапасына зертханалық бақылау жүргізді. Санитарлық-химиялық, микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері бойынша барлығы 102 су сынамасы, 96 топырақ сынамасы (демалыс орындарындағы) санитарлық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша зерттелді, оның ішінде тиісті сәйкес келмейтін сынамалар жоқ.
Бүгінгі күні энтеровирусты инфекция мен жұқпалы ауруды жұқтыру жағдайлары тіркелмеді.