Қостанай облысының дүкендерінде қауіпті ойыншықтар анықталды

Қостанай облысының дүкендерінде қауіпті ойыншықтар анықталды

            Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өнімнің (тауарлардың) сынамаларын іріктеу арқылы өнімнің қауіпсіздігіне оны өткізу сатысында мониторинг жүргізеді.

            Мониторинг нәтижелері бойынша 2022 жылдың 6 айында 321 сауда объектісінде балалар ойындары мен ойыншықтарының 40 үлгісі сатып алынды. Оның 13-і ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмеді, бұл 33% - ды құрайды.

            Сәйкес келмейтін 13 үлгінің бәрінде таңбалау бойынша бұзушылықтар анықталды (дайындаушының, импорттаушының атауы мен орналасқан жері, олармен байланысуға арналған ақпарат, дайындаушының тауар белгісі, дайындалған күні (айы, жылы), қызмет ету мерзімі немесе жарамдылық мерзімі, мемлекеттік және орыс тілдерінде таңбалау, КО-ға мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалау жоқ).

            Қауіпсіздік көрсеткіштеріне жүргізілген зерттеулер нәтижелері бойынша Қытай өндірісіндегі балалар ойыншықтарының 2 (5%) үлгісінде, атап айтқанда: «Балалар ойыншығы», «Lovely baby» қуыршақ ойыншығы» фенол құрамының 0,066 мг/дм 3 (норма 0,05 мг/дм3) артуы анықталды.

           Фенол – улы зат және жоғары қауіпті заттарға жатады (II қауіптілік класы). Тыныс алған кезде жүйке жүйесінің бұзылуына әкеледі. Шаң, бу және фенол ерітіндісі химиялық күйік тудыра отырып, көзді, тыныс алу жолдарын, терінің шырышты қабығын тітіркендіреді. Адамдар үшін фенолдың канцерогендігінің дәлелі жоқ.

           Техникалық регламенттер мен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді өткізудің белгіленген фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне санитариялық заңнаманың талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 11 нұсқама, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді анықтау фактісі туралы 1 хабарлама берілді.

            Халықтың денсаулығын сақтау мақсатында Қостанай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті балалар ойыншықтарын сатып алардан бұрын таңбалауды мұқият зерделеуді, сатушылардан өнімнің сертификаттарын талап етуді ұсынады, өйткені зиянды заттардың болмашы артуы улануды тудыруы мүмкін.

            Бүгінгі күні өнім қауіпсіздігінің мониторингі шеңберінде тексерілетін объектілердің бекітілген кестесіне сәйкес Департамент мамандары және оның аумақтық бөлімшелері өнімнің қауіпсіздігін, оның ішінде балалар ойыншықтарының қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырады.