
Атырау облысында 2022 жылдың маусым айында «Тағамдық токсикоинфекция» диагнозымен 17 тұрғын тез дайындалатын тағам өнімдерінен уланды.
Осы факті бойынша Атырау қаласының Полиция басқармасы эпидемиологиялық тергеу барысында нысанның жұмысын уақытша тоқтатты.
Эпидемиологиялық тергеу барысында Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі және «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша көптеген бұзушылықтар анықталып, зертханалық зерттеуге алынған сынамалар сәйкес емес деп танылды.
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «Жаппай тамақтан уланудың алдын алу шаралары» тақырыбында тұрғындар және жеке кәсіпкерлік нысандары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, жаз-көктем кезеңінде тағамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында микробиологиялық және санитарлық-гигиеналық көрсеткіштерге, микробиологиялық зерттеуге шайынды (сүртінді) және персоналды бактериологиялық тасымалдауға зертханалық зерттеулер жүргізген жеке кәсіпкерлермен, мердігерлер компаниялармен, шағын кәсіпкерлік субъектілерімен ынтамақтастық туралы екіжақты меморандумдар жасалды.
Тез дайындалатын тағамдар бұзылмау үшін оларға көп мөлшерде консерванттар, тұз, өнімнің дәмін және иісін жақсарту мақсатында түрлі тағамдық, химиялық қоспалар қосылатынын еске саламыз. Бұл қоспалардың барлығы әртүрлі ауруларды тудырады. Сондықтан мамандардың кеңесіне құлақ түріп, тағамнан уланудан сақтану керек.
Уланудың алғашқы белгілері анықталған жағдайда, шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну қажет.