Нұрқан Сәдуақасов Ташкентте өткен халықаралық форумға қатысты

Нұрқан Сәдуақасов Ташкентте өткен халықаралық форумға қатысты

            Ташкентте Орталық Азиядағы 5 мемлекеттің денсаулық сақтау, экология және ауыл шаруашылығы саласы өкілдерінің кездесуі өтті. Оған Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Нұрқан Сәдуақасов қатысты.

           Орталық Азия елдері мен халықаралық ұйымдардың 50-ден астам қатысушысы "бірыңғай денсаулық"тәсілін енгізу бойынша Орталық Азияға арналған іс-қимылдардың болашақ шекті бағдарламасы шеңберіндегі қызметтің негізгі бағыттарын талқылады. Кездесуге Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері мен қызметтерінің басшылары қатысты. Ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі, денсаулық сақтау, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, ветеринария, мал шаруашылығын дамыту және қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелері қаралды.

            Жануарлардың денсаулығын сақтау жөніндегі дүниежүзілік ұйымның бағалауы бойынша, адамда пайда болатын барлық жұқпалы аурулардың шамамен 75% - ы жануарлардан шыққан. Мысалы, SARS, Эбола, шошқа және құс тұмауы, бруцеллез және құтыру. Жыл сайын пайда болатын бес жаңа адам ауруының кем дегенде үшеуі жануардан тараған.

           "Бірыңғай денсаулық" тәсілін енгізу жануарлар мен жануарлардан алынатын өнімдердің трансшекаралық саудасын жетілдіреді; жануарлар мен адам ауруларының өршуіне ден қою, сондай-ақ эпидемиологиялық қадағалаудың ұлттық жүйелері жинаған жануарлар мен адамның денсаулығы туралы маңызды ақпаратпен алмасу және жоғарыда аталған қатерлерге ден қою үшін қажетті қазіргі заманғы инфрақұрылымды дамыту тиімділігін арттырады.

           Кездесу қорытындысы бойынша тараптар осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға шешім қабылдады. Қазан айында Бішкек қаласында бірлескен ынтымақтастықты талқылаудың келесі кезеңі жоспарланды.