
Қазақстандағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ай сайын өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізеді. 2022 жылдың өткен кезеңінде тамақ өнімдерінің 14 605 сынамасы, оның ішінде 541 жеміс-көкөніс өнімдерінің нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі сынамасы алынды. Нәтижесінде 74 сынамада бұзушылықтар анықталды.