
Жаз басталғанда барлық жерде шомылу маусымы ашылады. Бірақ, рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға тыйым салынғанымен, адамдар шомылу кезінде су арқылы жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупіне ұшырайды.
Денсаулыққа қауіп төндірмейтін жерлерде шомылу ұсынылады. Жағажайлар, су объектілері эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге жатады және олардың санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы тиіс.
Бүгінгі күні Ақтөбе облысы бойынша 9 жағажайдың санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар:
- «Сазды» жағажайы;
- «Саяхат» жағажайы;
- «Көпір астындағы» жағажай;
- «Семейный» жағажайы;
- «BarBQ» жағажайы;
- «Грин Ленд» жағажайы;
- «Тропикано» демалыс базасы;
- «Алау» демалыс аймағы;
- Мұғалжар ауданындағы «Бексұлтан» жағажайы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес шомылу маусымы басталғанға дейін ауданда су сапасына мониторинг жүргізіледі.
Мониторинг жүргізу барысында ашық су қоймаларынан 38 су сынамасы микробиологиялық көрсеткіштерге, 44 су сынамасы паразитологиялық, санитариялық-химиялық, оның ішінде жоғары технологиялық, радиологиялық зерттеулерге, 38 топырақ сынамасы микробиологиялық және паразитологиялық зерттеулерге іріктеп алынып, зерттелді. Зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша судың 2 сынамасында хлоридтердің артуы байқалды. Аталған факті бойынша жергілікті атқарушы органдарға ақпарат жолданды.
Осылайша, Ақтөбе облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындарына өз демалысын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін шомылатын жерлерде және демалу үшін арнайы бөлінген орындарда ғана өткізуді ұсынады.