Іле ауданында атмосфералық ауаның санитариялық-химиялық көрсеткіштері нашарлады

Іле ауданында атмосфералық ауаның санитариялық-химиялық көрсеткіштері нашарлады

             Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары тұрақты түрде су объектілерінің, атмосфералық ауаның, топырақтың және елді мекендерді сумен жабдықтаудың жай-күйіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізеді.

             Мониторинг қоршаған орта көрсеткіштері туралы уақтылы ақпараттандыру, алдын алу іс-шараларын түзету үшін жүргізілді.

Елді мекендердің орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйелеріне жүргізілген мониторинг қорытындылары мынадай:

- микробиологиялық көрсеткіштерге 513 су сынамасы зерттелді, оның ішінде 30 сынама немесе 5,8%  нормативтік құжаттаманың талаптарына  сәйкес келмеді;

- санитариялық – химиялық көрсеткіштерге 766 су сынамасы зерттелді, оның ішінде 57-сі немесе  7,4% нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес келмеді.

             Сәйкессіз сынамалар бойынша аумақтық басқармалармен ауыз су жүйесінің жауапты шаруашылық субъектілеріне санитариялық – індетке қарсы және санитариялық – профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы қаулы мен жергілікті атқарушы органдарға ақпараттар берілді.

              Ауыз сумен жабдықтау көзі ретінде пайдаланылатын 1 санаттағы су қоймаларынан микробиологиялық көрсеткіштерге және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 144 су сынамасынан зерттеліп, оның 3 сынамасы немесе 2,1% микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмеді.

              2 санаттағы су айдындарын ластаушы факторлардан қорғау бойынша іс-шараларды өткізу үшін аудандық әкімдіктерге ақпараттар жіберілді.

Жаппай демалу мақсатында пайдаланылатын 2 санаттағы су қоймаларынан:

- микробиологиялық көрсеткіштерге 171 су сынамасы зерттеліп, оның 4 сынамасы немсе 2,3% нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес келмеді;

- санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 171 су сынамасы зерттеліп, оның 5 сынамасы немесе 2,3% нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес келмеді.

             Одан бөлек,  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлері атмосфералық ауаның жай – күйіне мониторингті ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары, облыстық және Республикалық маңызы бар жол тораптарында көліктердің үлкен ағыны кездесетін елді мекендерде және халықтың шағымдары бойынша жүргізді.

            Жалпы атмосфералық ауаға 2914 өлшеу жүргізіліп, оның 153 сынамасында немесе 5,2% ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кетуі анықталды. Өткен 2021 жылдың кезеңімен салыстырғанда Іле ауданында атмосфералық ауаның санитариялық-химиялық көрсеткіштері 2,1% нашарланған.

             Іле ауданы елді мекендерінің атмосфералық ауасындағы аммиактың шекті рұқсат етілген концентрациясының асуы бойынша Департамент басқару шешімдерін қабылдау үшін Алматы қаласының әкімдігіне, Алматы қаласы және Алматы облысының экология департаменттеріне, Алматы қаласы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне және Алматы қаласының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасына, сонымен қатар Іле ауданының прокуратурасына ақпарат жолдады.

            Адам – қоршаған ортаның жаратушысы және оны қалыптастырушы. Табиғатты қорғаңыз және сау болыңыз!