Құрметті Қазақстандықтар!

Құрметті Қазақстандықтар!

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті сіздерді Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтайды!

Бұл барлық мұсылмандар үшін қасиетті мереке, халықты бейбітшілікке, келісімге және өзара түсіністікке шақырады, ислам – бұл жақсылықтың, жасампаздықтың және үйлесімділіктің діні екенін атап көрсетеді.

Құрбан айт мерекесі түрлі конфессиялар мен этнос өкілдері тұратын Қазақстанда діні мен ұлтына қарамастан, біздің рухани бірлігімізді, адамдардың ауызбіршілігі мен өзара құрметін нығайтуға өзінің елеулі үлесін қосуда.

Жарқын мереке күндері әрбір қазақстандықтың отбасына бақыт, бейбітшілік пен амандық тілейміз!

Алла тағалаға деген сенім адамдардың жүректерін асыл ойлармен және рухани жылулықпен толтырсын!

Құрбан айт құтты болсын!