
Бүгін 2022 жылғы 8 шілдеде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Нұрқан Олжабайұлы Сәдуақасов «Қазақстанның Сүт одағы» ЗТБ өкілі Дінмұхамед Айсаутовпен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесуде халықты қауіпсіз және сапалы сүт өнімдерімен, оның ішінде сүт негізіндегі балалар тағамдарымен қамтамасыз ету мәселелері, сүт өнімдерінің ассортименті, сапасы және қауіпсіздігі бойынша өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында Комитеттің сүт саласымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Бұдан басқа, балалар тағамын импорттау мәселелері және осы өнімнің едәуір бөлігі Қазақстан Республикасына әкелінетін Ресей Федерациясына қатысты енгізілетін санкцияларға байланысты жеткізілімдерді әртараптандыру қажеттілігі талқыланды. Бизнеспен ашық диалог қазіргі заманғы сын-қатерлерге, әсіресе сүт өнімдері мен балалар тағамын қамтитын бірінші қажеттіліктегі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету саласында уақытылы ден қою үшін қажет.
Анықтама: "Қазақстанның Сүт одағы" ЗТБ заңды тұлғалардың бірлестігі болып табылады, оның миссиясы Отандық өндірістің сапалы және қауіпсіз шикізатының көлемін ұлғайту жолымен Қазақстан Республикасында сүт өңдеу саласын кешенді және тұрақты дамыту үшін жағдай жасау болып табылады. "Қазақстанның Сүт одағы" Қазақстан Республикасындағы барлық сүт өнімдерінің 70% - дан астамын өндіретін ірі сүт өңдеушілерді біріктіреді