
Описторхоз – бұл «Сібір немесе мысық қосезулі (Opisthorchisfelineus)» ғылыми атауы бар жалпақ құрттан туындаған паразиттік ауру. Ол ұзақ ағыммен ерекшеленеді, жиі асқынулармен өтеді. Паразиттің тасымалдаушысы адам және үй жануарлары (мысықтар, иттер) болуы мүмкін. Описторхозда өт қабы, ұйқы безі, бауырдың өт жолдары сияқты органдар зақымдауы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 2022 жылдың 6 айында описторхоздың 13 жағдайы тіркелді. СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде аурудың тіркелуі өткен жылдағыдай деңгейде қалғанын атап өтті.
Адамға инфекция шикі (еріген, мұздатылған), жеткілікті қуырылмаған және аздап тұздалған, кептірілген балықты жегенде жұғады, онда описторхис гельминттерінің дернәсілдері бар.
Описторхоз дернәсілдерімен тек тұқы текті - язь, елец, шабақ, еуропалық плотва, вобла, линь, красноперка, сазан және табан, тұқы, мөңке балықтар зақымдалады. Бір балықта 7 мыңға дейін дернәсілдер болу мүмкін. Зақымдалған балықта ешқандай айырмашылық болмайды, өйткені дернәсілдер тек микроскоп астында ғана көрінеді.
Описторхозды жұқтырмау үшін:
- балықты қайнаған сәттен бастап кем дегенде 15-20 минут пісіру керек;
- беті жабылған ыдыста, кішкентай кесектерге кесіп 15-20 минут қуыру қажет;
- балық бәлішін тұмшапеште кемінде 40 минут пісіру;
- аз тұздалған және жұқа етіп тілініп, тоңазытылған балық етін пайдаланудан бас тартыңыз.
Ешбір жағдайда шикі балықты немесе оның ішін үй жануарларына беруге болмайды, өйткені олардың жұқтыру қаупі артады, бұл жағдайда жануарлар описторхоздың таралу көзі бола алады.
Балықты кесу және өңдеусіз тұтынылатын өнімдерді кесу кезінде әртүрлі кесу тақталарын қолдану керек. Сауда жасауға рұқсат етілмеген жерлерде балық сатып алу ұсынылмайды!