Құрбан айтты тойлау кезіндегі сақтық шаралары

Құрбан айтты тойлау кезіндегі сақтық шаралары

2022 жылы Құрбан айт мерекесі 9-11 шілде аралығында өтеді. Елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты, сондай-ақ тұрғындар арасында СOVID-19 және жіті ішек инфекцияларының таралуына жол бермеу мақсатында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті келесі сақтық шараларын ұсынады:

- мал союды ветеринариялық анықтама болған жағдайда ғана жүргізу;

- Qurban2022.kz сайтына өтінім бере отырып, онлайн режимде құрбандық шалуды ұйымдастыру мүмкіндігін пайдалану;

- жабық үй-жайларда, адамдар көп шоғырланатын орындарда бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қашықтықты сақтау және бетперде кию, қолды жиі антисептикпен өңдеуге КЕҢЕС беремін;

- қоғамдық тамақтану объектілерінде (тойхана, мейрамханалар, дәмханалар, асханалар, мешіттер және т. б.) және салттық іс-шараларды өткізу бойынша қызмет көрсететін объектілерде әртүрлі іс-шараларды өткізу кезінде үйде дайындалған тағамдарды пайдаланбау;

- тез бұзылатын өнімдерді салқын орынжайларда сақтау. Азық-түлік өнімдерін, әсіресе сүт, салаттар сатып алғанда, жарамдылық мерзіміне, шығарылған күніне назар аударыңыз, дайындалған тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмау;

- кездейсоқ адамдардан немесе рұқсат етілмеген сауда орындарынан тамақ өнімдерін сатып алмау;

- жаңа дайындалған тағамды алдыңғы күннің қалдықтарымен араластырмау, бірақ егер дайын тағам келесі күнге қалса, онда оны қолданар алдында термиялық өңдеуден өткізу (қайнату немесе қуыру).

- тұрғын үйді үнемі таза ұстау және жеке гигиена ережелерін сақтау, кішкентай балаларға қайнатылмаған сүт, шикі жұмыртқа бермеу, тамақ дайындау үшін тек жаңа (балғын) өнімдерді пайдалану.

Ержан Байтанаев, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитенінің ресми өкілі