Ашық су қоймаларының ластанған суы жұқпалы ауруларды жұқтыруы мүмкін

Ашық су қоймаларының ластанған суы жұқпалы ауруларды  жұқтыруы мүмкін

              Маусым-шілде айлары - шомылу маусымының қызған кезі.  Павлодарлықтар шыжыған ыстықта денсаулыққа немесе өмірге қауіп төндіретін жерлерде шомылуға қойылған тыйымдарға қарамастан, ашық су қоймаларына асығады.

              Бүгінде өңірдің 20-дан астам жағажайлары, шомылу мен демалыс орындары департаменттің және санэпидқызметтің аумақтық басқармаларының бақылауында тұр.

              Мамандар тарапынан шомылуға арналған орындардағы су айдындары мен топырақтың құрамына  үнемі микробиологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық, радиологиялық және вирусологиялық көрсеткіштерге тұрақты санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізіледі. Судың қауіпсіздігін бақылау жұмыстары су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық талаптарға сәйкес жүргізіледі.

              Бүгінгі күні елді мекендер шегіндегі жағажайлар жататын II санаттағы су пайдалану орындарынан санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 61 су сынамасы зерттелді,  зерттеу нәтижелері бойынша нормативтерге сәйкессіздіктер анықталған жоқ. Микробиологиялық көрсеткіштерге 67 су сынамасы алынды, нәтижелері санитарлық нормаларға сай.

             Ашық су қоймаларының ластанған суы арқылы вирустық гепатит, энтеровирустық инфекция, ішек, паразиттік аурулар сияқты ауруларды жұқтыру мүмкін екенін ескертеміз. Сондықтан судың сапасы қадағаланып, зертханалық бақылау үнемі жүргізілетін қатаң белгіленген орындарда шомылу қажет.

              Сондай ақ, жеке қауіпсіздік шараларын сақтау керек, дене қызуы мен суық судың бірдей әсер етуінен денсаулыққа зиян келетінін есте сақтау керек: суға ақырындап кіріңіз – бұл дененің құрысуының, қан қысымының көтерілуінің  немесе қан құйылудың алдын алады, бас киім киіңіз және күн қызып кетпеңіз.

             Бұл ұсыныстарды орындаңыз, сіздің жазғы демалысыңыз тек жағымды сәттермен есте қалсын!