
Құрметті қазақстандықтар!
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті баршаңызды Елорда күнімен құттықтайды!
Бұл атаулы күн әрбір қазақстандық үшін шын мәнінде жалпыхалықтық мереке және маңызды қоғамдық-саяси мәнге ие.
Нұр-Сұлтан- еліміздің бас қаласы, көпшіліктің сүйікті мекеніне айналған нұрлы қала. Ол тек астана тұрғындары үшін емес, елдің өзге де өңір халқы үшін аса қымбат.
Себебі бұл шаһар - қарқынды дамуымыздың, абырой-беделіміздің, береке-бірлігіміздің жарқын көрінісі бола білген ару қала.
Нұр-Сұлтан - дәстүрлер мен технологиялық-индустриялық жетістіктер ұштасқан болашақтың қаласы. Бұл өткен шақ пен кемел келешектің үйлесімін біріктіретін, жақсылыққа жігерлендіретін, жетістіктерге шабыттандыратын мекен. Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі астанасы – елдің рухани ордасы, оның көпұлтты халқының жасампаз жігерлілігінің нышаны.
Әлем астаналары арасында лайықты орын алатын, ел дамуында аса маңызға ие Қазақстан Республикасының бас шаһары – Нұр-Сұлтан қаласы күн сайын гүлденіп, көркейе берсін.