Елордадағы эпидемиологиялық ахуал

Елордадағы эпидемиологиялық ахуал

             Ағымдағы жылдың маусым айының үшінші онкүндігінен бастап елордада коронавирустық инфекция жағдайларын тіркеу бойынша өсім байқалады. Жағдайдың негізгі өсу себептері тұрғындар арасында бұрын айналымдағы "Омикрон" штаммының жандануы және вирустың таралуы үшін оңтайлы жағдайдың болуы, атап айтқанда, халықтың иммундық қабатының төмендеуі әсерінен жазғы демалыстың басталуына байланысты туристік ағынның ұлғаюы. Егер аурудың күрт төмендеуі кезеңінде (наурыз – маусымның алғашқы 20 күні) оқшауланған жағдайлар тіркелген болса, қазіргі уақытта жағдайлардың саны 55-ке жетеді және аурудың тәуліктік көрсеткіші 5-7 есе артады (ең жоғары тәуліктік тіркеу 30 маусымда тіркелді). Тиісінше, маусым айында сырқаттанушылық деңгейі өткен айдың көрсеткішінен 3,3 есе асып түсті.

              Ағымдағы жылдың маусым айында 269 науқастан вакцинацияны талдау кезінде 169 адамда немесе 69%-да COVID-19-ға қарсы иммунитеттің жоқтығы анықталды, яғни бұл адамдар вакцинация алмағандар. Вакцинация алған 88 адамның 85 - інде немесе 96% - ында 2 дозаны қабылдағаннан бері 6 айдан астам уақыт өтті және науқастардың тек 4,4% - ы, яғни 12 адам ғана ревакцинация қабылдаған.

              Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті астаналықтарды қолды үнемі тазалау, әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде тағу сияқты эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтауға және вакцинацияның, ревакцинацияның толық курсынан өтуге және бустерлік дозаны алуға шақырады. Сырқаттанғандар бойынша статистикаға назар аударсақ, ауырғандар арасында үлкен үлес вакцинацияланбаған азаматтарға тиесілі. Тек жұмыла  және жауапты азаматтық ұстаныммен біз ұжымдық иммунитетті қалыптастыра аламыз, осылайша инфекцияның қоғам арасында одан әрі таралуына жол бермейміз.