
Тұрғындар жаздың аптап ыстығында демалысын өзен жағалауында өткізгенді ұнатады. Алайда, өзіңіздің және балаларыңыздың қауіпсіздігін ұмытпағаныңыз жөн.
Осы орайда, Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен І және ІІ санаттағы ашық су қоймаларының суына (Жайық, Қиғаш, Ойыл, Ембі, Бақсай өзендері, Қамыскөл көлі), сонымен қатар суға шомылу орындарының суына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізеді.
Суға шомылу орындары аумақтық әкімдік келісімімен Атырау қаласында және Индер ауданында белгіленген орында ұйымдастырылған.
Шомылу маусымы 15 маусым күнінен басталып, су обьектілерінен су сынамалары және оған қарасты жағалауларынан алынған топырақ сынамалары микробиологиялық, санитариялық-химиялық, паразитарлық көрсеткіштерге зертханалық зерттеліп, сәйкессіздік анықталған жоқ.
2022 жылдың есептік кезеңінде ашық су көзі бақылау нүктелерінен санитариялық-химиялық зертханаға алынған 86 сынаманың 39 сынамасынан (46%) сәйкессіздік көрсетсе, микробиологиялық зертханаға алынған 86 сынаманың 17 сынамасынан (20%) сәйкессіздік анықталды.
Қазіргі таңда Атырау облысы бойынша белгіленген шомылу орындарынан 8 су сынамасы және оған қарасты жағажайларынан 4 топырақ сынамасы микробиологиялық, санитариялық-химиялық, паразитарлық зертханаларға тексеріліп, санитарлық нормаға сәйкес келеді.
Сонымен қатар, Атырау облысы тырысқақпен сырқаттану факторы бойынша эпидемиологиялық жағынан қауіпті І типке жатады.
2022 жылдың эпидемиологиялық маусымында 11 су сынамасы алынып, сәйкессіздік анықталмады.
Ашық су көздерінен тырысқақ қоздырғыштарының бөлінуін болдырмау және түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында өзен жағалаулары мен ауыз сумен жабдықтау нысандарының санитарлық қорғау аймақтарын, жағажайларды тазалықта ұстау маңызды.