Алматы мен Елорданың сары аймаққа өтуі, маска режимі енгізілуі мүмкін бе?

Алматы мен Елорданың сары аймаққа өтуі, маска режимі енгізілуі мүмкін бе?

Елдегі COVID-19 аурушаңдық көрсеткіштерінің артуын ескере отырып, ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлер эпидемиологиялық қауіп-қатердің САРЫ АЙМАҒЫНА көшкен жағдайда қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылдады:

- науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс жасау форматына көшіру;

- COVID-19 вакцинасына түбегейлі қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс жасау форматына ауыстыру;

- жабық жерлер мен қоғамдық көлікте міндетті маска тағу;

- 10 адамнан астам қатысушысы бар жиналыстарды онлайн форматта өткізуді ұсыну.

Сондай-ақ эпидемиологиялық қауіптілік аймағына қарамастан әуе, ТЖ көліктері мен халықаралық автобус тасымалдарында маска тағу ұсынылады.