БҚО-да ІІ жартыжылдыққа ерекше тәртіп бойынша 673 тексеру жоспарланған

БҚО-да ІІ жартыжылдыққа ерекше тәртіп бойынша 673 тексеру жоспарланған

              2022 жылдың ІІ жартыжылдығына Батыс Қазақстан облысы бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге қатысты ерекше тәртіп бойынша 673 тексеру жоспарланған.

              Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және аумақтық бөлімшелер Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы №375-V ҚРЗ Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі тағайындалған объектілерді міндетті түрде көрсете отырып, бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты жартыжылдық кестелерді қалыптастырады. Реттеуші Мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен жартыжылдық кесте, тексерулер жүргізудің ерекше тәртібін тағайындау үшін негіз болып табылады.

             Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті орган тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде орналастырады.

             Тексерулер жүргізу кестесімен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында танысуға болады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/documents/details/308428?lang=kk

Анықтама үшін:

147-баптың негізінде бақылау және қадағалау органы тексеру басталатын күн мен тексеруді жүргізу нысанасын көрсете отырып, тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеру жүргізудің басталатыны туралы ол басталғанға дейін кемінде күнтiзбелiк отыз күн бұрын бақылау және қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.