
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі жазғы кезеңде қала аумағында орналасқан, оның ішінде шомылуға және демалуға арналған орындардағы жүзу бассейндері мен ашық су қоймалары суының сапасына және орталықтанған су құбырынан алынатын жүзу бассейндерінен зертханалық зерттеулерге сынама алумен мониторинг жүргізеді.
Шымкент қаласы аумағында 17-ден аса жазғы шомылу бассейндері бар.
Маусымдық шомылу кезеңінің басталуына байланысты, түрлі инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында, мониторинг бойынша 2022 жылдың маусым айында су айдындарындағы судың сапасын бактериологиялық зерттеулерге 15 сынама, санитариялық-химиялық зерттеулерге 15 сынама су алынды, оның ішінде санитариялық нормаларға жауап бермегені анықталмады.
Дегенмен, демалу орындарының әкімшілігі тарапынан өндірістік зертханалық бақылауды қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстар жүргізілуі тиістігін ескертеміз. Өндірістік зертханалық бақылау тәртібі бойынша жүргізілген талдау нәтижелері қанағаттанарлықсыз болған жағдайда, ақпарат 24 сағат ішінде міндетті түрде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне жіберіледі. Бұл жағдайда бассейн жабылады, бассейннің қалыбы шайылып, дезинфекцияланады, күрделі жинау, қажет болған жағдайда қосымша микробиологиялық және паразитологиялық зерттеулер жүргізіледі.
Санитариялық-эпидемиологиялық жүзу бассейндеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 183 «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығы негізінде қадағаланады, осы қойылған талаптарға сәйкес, маусымдық бассейндерді су құбырынан келетін су болмаған жағдайда, жер үсті немесе жер асты көздерінен келетін сумен толтыруға болатыны көрсетілген.
Бассейндерде ерлер мен әйелдерге арналған шешіну-киіну орындары, себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар, ваннасы бар зал, персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар, спорт мүкәммалын сақтауға арналған қоймалар, жинау мүкәммалын, жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтауға арналған қоймалар, әкімшілік үй-жайлар, медициналық персоналға арналған кабинет болуы тиіс.
Бассейннің жүретін жолдары, бассейннің түбі су өтпейтін материалдардан және ылғалға, тазалауға қолданылатын химиялық реагенттер мен дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді болуы қажет.
Бассейндерде рециркуляциялық немесе су ауыстырудың ағынды жүйесі арқылы немесе бір мезетте бассейнді дезинфекциялай отырып, күнтізбелік 7 күнде кемінде бір рет судың толық ауыстырылуы тиіс және жіберілетін суды зарарсыздандыру қажет.
Бассейн ваннасын дезинфекциялау су ағызылғаннан кейін және дезинфекциялау құралдарымен екі рет шаю әдісімен ваннаны механикалық тазалау арқылы жүргізіледі. Активті хлор ерітіндісін жаққаннан кейін бір сағат өткен соң, жылы сумен шаю қажет.
Демалу, шомылу орындарында күнделікті жинау жұмыстары қажет болған жағдайда, үзіліс кезінде айналма жолдарды, еденді, орындықтарды, кілемшелерді, есік тұтқаларын дезинфекциялау талап етіледі.
Шомылудан кейін жағымсыз салдардың алдын алу үшін қарапайым жеке гигиена ережелерін сақтау керек, яғни бассейнге түскенге дейін және кейін душ қабылдау керек.
Сондай-ақ, су айдындарында шомылуға тыйым салатын арнайы ақпараттық белгілерге мұқият назар аудару керек!
Субұрқақтарда шомылуға болмайды, өйткені субұрқақтардағы су залалсыздандырылмайды және санитариялық талаптарға сәйкес келмейді. Бұдан бөлек, әртүрлі жарақаттар алу қаупі де бар.
Шомылу және демалу үшін арнайы шомылу орындарын таңдаңыз, өйткені олардағы су мониторинг арқылы бақыланып отырады. Бұл, әртүрлі ішек инфекцияларын (тырысқақ, менингит, паразиттік аурулар) жұқтырудың алдын алады және денсаулығыңыз туралы алаңдамай демалуға кепілдік береді.