
Жаз - су айдындары мен бассейндерде демалу мен шомылудың тамаша уақыты. Маусым ашылып, балалар субұрқақтарда қуана ойнайды. Өкінішке қарай, көп адамдар ойын-сауықтың бұл түрі ауыр ауруға әкелуі мүмкін екенін біле бермейді. «Аязды күні бас киімсіз жүрме, менингитпен ауырасың» деген үлкендердің ескертулерін барлығымыз естіп өстік. Алайда бұл дерттің өршуі жазғы кезеңге келеді, ал суықтың бұған ешқандай қатысы жоқ. Яғни, менингит немесе мидің қабынуы сияқты ауру энтеровирустық этиология болуы мүмкін.
Өңірде серозды менингит жыл сайын тіркеледі. Мәселен, 2021 жылы Қостанай облысында осы аурудың 3 жағдайы тіркелді. Оның ішінде: 1 жағдай 14 жасқа дейін, 2 жағдай 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдерде анықталды. Қарқынды көрсеткіш 0,34 құрады, республикалық көрсеткіш 0,48.
Вирус тектес серозды менингиттер энтеровирустардан болады. Энтеровирустық инфекция өз кезегінде өте жұқпалы. Оны ластанған тамақ өнімдері, көкөністер мен жемістер, су арқылы, ашық су қоймаларында, бассейндерде шомылу кезінде, вирус тасымалдаушымен тікелей байланыста болған кезде немесе тұқымдалған тұрмыстық заттар арқылы, сондай-ақ жөтелгенде, түшкіргенде сілекейдің, қақырықтың ең кішкентай тамшылары арқылы жұқтыруға болады.
Инфекция көзі-ауру адам немесе вирус тасымалдаушысы. Көбінесе ауру тұмау белгілерінен басталады. Дене қызуының 39-40 градусқа дейін көтерілуі байқалады. Кейбір науқастарда құсу, тәбеттің жоғалуы, диарея, бөртпе, бұлшықет ауыруы болады. Аурудың алғашқы күдікті белгілері пайда болған кезде дереу дәрігермен кеңесу керек, өйткені энтеровирустық инфекция, оның ішінде серозды менингиттің есту және көру қабілетінің жоғалуы, психиканың дамуын кешіктіру салдарымен қауіпті. Инкубациялық кезең 2 – ден 35 күнге дейін, орташа есеппен 1-ден 10 күнге дейін болады.
Энтеровирустық инфекцияның алдын алу үшін жеке гигиена ережелерін сақтау қажет – дәретханаға барғаннан кейін, көшеден оралғаннан кейін, сондай-ақ тамақ дайындау және тұтыну алдында қолыңызды мұқият жуыңыз.
Энтеровирустың суда ұзақ уақыт сақталуы мүмкіндігін ескере отырып, ішу үшін тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану керек. Жемістер, жидектер мен көкөністерді тұтынар алдында ағынды сумен мұқият жуып, содан кейін қайнаған сумен шаю керек. Қала сыртындағы сапарлар кезінде белгісіз көздерден, құдықтардан және ашық су қоймаларынан шикі суды пайдаланбау керек, тамақтану үшін жеке немесе бір рет қолданылатын ыдыстарды пайдалану қажет.
Жұқпалы ауру белгілері бар балаларға білім беру мекемелеріне, бассейндерге, үйірмелерге баруға жол бермеңіз.
Энтеровирустық инфекцияның алдын алуға арналған вакцина жоқ. Шетелдік сапарлар кезінде ерекше сақ болу керек.
Денсаулығыңызға байыпты қарауды сұраймыз!