Алматы және Жетісу облыстарындағы 15 лагерь балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға дайын

Алматы және Жетісу облыстарындағы 15 лагерь балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға дайын

              Жазғы демалыстың басталуымен ата-аналардың ең басты уайымы – балалардың сапалы, пайдалы және ең бастысы қауіпсіз демалысты ұйымдастыру. Ата-әжесімен ауылда немесе шетелдегі жазғы демалыстың лайықты баламасы - балалар лагерлері.

             Алматы облысы бойынша санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті ата-аналарға балалардың белсенді демалыс орталықтарын немесе сауықтыру лагерлерін таңдағанда, мынадай факторларға назар аударуды ұсынады:

- Тәрбие кешені

- Тамақтану

- Материалдық-техникалық база

- Білім беру кешені

- Дене шынықтыру-туристік кешені

Сондай – ақ, лагерьді таңдаудағы маңызды мәселе оның санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес болуы. Бүгінгі таңда Жетісу және Алматы облыстарының аумағында 30-дан астам балаларды сауықтыру лагерлері бар. Ал биылғы жылы олардың 15-і санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алды, олар:

- Еңбекші қазақ ауданы «Тау-Жанашар» балалар белсенді демалыс орталығы

- Талғар ауданы «Gauhartau» балалар сауықтыру кешені

- Талғар ауданы «Спутни» балалар сауықтыру кешені

- Талғар ауданы «Маралсай» жазғы сауықтыру лагері

- Қапшағай қаласы «Jeiiyfish camp» балалар сауықтыру лагері

- Қапшағай қаласы «Балдәурен Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығы

- Қапшағай қаласы «Бәйтерек» спорттық-сауықтыру лингвистикалық лагері

- Жамбыл ауданы «Tau Lend» балалар сауықтыру лагері

- Жамбыл ауданы «BAQSY» емдеу-сауықтыру кешені

- Қарасай ауданы «ARMAN DALA» жазғы сауықтыру лагері

- Текелі қаласы «Эдельвейс» балалар сауықтыру лагері

- Текелі қаласы «Текелі қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығы» МКҚК жазғы сауықтыру лагері

- Текелі қ. «Бастау» балалар сауықтыру лагері

- Көксу ауданы «Қарлығаш» демалыс және даму орталығы

- Ескелді ауданы «Айналайын» сауықтыру лагері

             Аталған лагерьлер тексерудің барлық кезеңдерінен өтіп, үй-жайларды жөндеу және күтіп ұстау, тұру және тамақтану жағдайлары, өндірістік бақылау, еңбек жағдайлары және персоналға тұрмыстық қызмет көрсету жөніндегі нормаларға сәйкес келеді.

             Балаларыңызға сәтті демалыс тілейміз!