Мемлекеттік қызмет - халық игілігі үшін!

Мемлекеттік қызмет - халық игілігі үшін!

               Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

               Сіздерді «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесімен құттықтаймыз.

               Мемлекеттік қызметтің мінсіз болуы – мемлекеттік қызметшілердің қолында. Халықтың сенімін ақтау –  үлкен жауапкершілік. Мемлекеттік қызметші жұмыс орнында ғана емес, кез келген жерде, кез келген уақытта және қандай жағдайда болмасын халыққа үлгі болуы керек. Бұл үшін мемлекеттік қызметшілерге арнайы әдеп кодексі бекітіліп, шектеулер де қойылған. Мұның барлығы халықтың мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайту мақсатында жасалуда.

               Мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді. Барлық мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, денсаулық және жемісті еңбек тілейміз.