Алматы қаласының тұрғындары сатып алынған өнімдердің қауіпсіздігін нитраттарға тексере алады

Алматы қаласының тұрғындары сатып алынған өнімдердің қауіпсіздігін нитраттарға тексере алады

              Бүгінгі таңда дүкен сөрелеріндегі өнімдердің әртүрлілігі сатып алушыға өз үстеліне өзіне ұнайтын нәрсені таңдауға шексіз еркіндік береді. Сеніңіз, бірақ тексеріңіз - бұл жақсы қағида, бірақ әрқашан қолданылмайды. Балғын және сыртқы көрінісі әдемі - өнімнің пайдасына кепілдік бермейді.

             Оңтүстік мегаполис тұрғындарының әл-ауқатына қамқорлық жасай отырып, Алматы қаласының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі – Департамент) аудандық басқармалармен және «Ұлттық сараптама орталығы (бұдан әрі – ҰСО)» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалының қызметкерлерімен бірлесіп, ірі супермаркеттер мен базарлар сияқты жерлерде  тұрақты негізде «Қауіпсіз өнімді таңда» науқанын өткізеді.

            Науқан шеңберінде сатып алушылар өз қалауымен сатып алынған өнімдердің қауіпсіздігін нитраттарға, ұнды құрамында темір бар препараттармен байытылғанына (ұнды фортификациялау) және сүт өнімдерінің қышқылдығын анықтауға тексере алады, сондай-ақ дайын өнімдерге микробиологиялық зерттеу жүргізуге болады.

            Осылайша, ағымдағы жылдың басынан бастап 15-тен астам қала тұрғындарына науқан өткізілді, онда экспресс-әдіспен 200-ге жуық сынама зерттелді. Бүгінгі күнге дейін сәйкессіздіктер анықталған жоқ.

            Сатып алушылардың бірі, Алматы қаласының тұрғыны Әсемгүл Жұмабекова атап өткендей, мұндай науқан өткізу пайдалы және қажет. «Адамдар көкөністер мен жемістерді  еш күмәнсіз жеу үшін не сатып алатындығын білуі керек», – деді ол.

             Өз кезегінде, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сатып алынған өнімнің қауіпсіздігіне көз жеткізу және сапасыз өнімнің салдарынан улануды болдырмау үшін халықты жоғарыда аталған науқанға белсенді қатысуға шақырады.