Эпидемияға қарсы жедел шараларды қабылдау мақсатында 1 желтоқсаннан бастап жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау аурулары бар Қазақстан Республикасы халқының жағдайына, сондай-ақ Қазақстанда және шетелде тұмау вирусының таралуына күн сайынғы мониторинг жүргізіледі.
Барлық медициналық ұйымдарда вирусқа қарсы препараттардың қажетті қоры жасалды, жедел респираторлы вирустық инфекциялар мен тұмау белгілері бар науқастарды қабылдау және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасалды.
Жұқпалы аурулардың республика аумағына енуін және таралуын болдырмау мақсатында, қашықтықтан термометрия көмегімен мемлекеттік шекарадан өтетін өткізу пункттерінде бақылау жасалады.