Қарағанды облысындағы атмосфералық ауаның жай-күйі туралы

Қарағанды облысындағы атмосфералық ауаның жай-күйі туралы

               Қарағанды облысы өнеркәсіптік өңір ретінде қара және түсті тау-кен металлургия, көмір өнеркәсібі, жылу энергетикасы, машина жасау  кешендерімен ұсынылған.

               Мұнда кеніштер, «Миттал Стил Теміртау» УД АҚ, «Қазақмыс» ЖШС, «Нова-Цинк» ЖШС, «Asia Ferro Alloys» ЖШС, «Қарағанды-Энергоцентр» ЖЭО-1, ЖЭО-3, «Сантехпром» ЖШС, «ТЭМК» АҚ, «Bassel Group LLS» ЖШС, «Орталық Азия Цемент» АҚ, «Карцемент» АҚ, «Құрылысмет» ЖШС, «Балхашцветмет» ӨБ, Балқаш ЖЭО және т.б. сияқты ірі өнеркәсіп кәсіпорындары орналасқан.

              Облыста атмосфералық ауаға ұйымдасқан шығарындылары бар 168 нысандар орналасқан, барлығында санитарлық қорғау аймақтары бар.

              Ағымдағы жылдың 5 айында атмосфералық ауаның 7020 сынамасы зерттелді, оның 221-і шекті рауалды көрсеткіші жоғары, бұл 3,1% құрайды. Шаңдану, азот диоксиді, күкірт диоксиді және көміртегі сияқты химиялық заттар бойынша көрсеткіштердің жоғарылауы байқалады. 2021 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда атмосфералық ауаға ластаушы заттардың 4,5% азаюы байқалады.

            Атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларының көздері бар кәсіпорындарда шығарындыларды және шаң мен газды тазарту қондырғыларының тиімділігін есепке алу үшін өндірістік зертханалық бақылау жүргізіледі. Зерттеулер өндірістік зертханаларда, ал олар болмаған жағдайда, осы зерттеулер түрлерін жүргізуге лицензиясы бар мекемелер жүргізеді.

            Өңірдегі ауа бассейнін жақсарту мақсатында кәсіпорындарда ауа бассейнін жақсарту, бұзылған жабдықтарды ауыстыра отырып, тазарту құрылыстарына ағымдағы және профилактикалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

             Облыстағы атмосфералық ауаның жай-күйіне ай сайынғы мониторинг департамент пен оның аумақтық бөлімшелерінің бақылауында.