
Екі жылдан асқан уақытта қоғамда болып жатқан коронавирус пандемиясы жағдайында халықтың саулығы үшін қызмет етіп және мемлекеттік шекараларда өткізу пунктерінде тәулік бойы санитариялық-эпидемиологиялық іс-шараларды, азаматтарға медициналық бақылауды жүргізуде аталмыш мамандарының еңбегі орасан зор. Індет біздің денсаулығымызға әлі де қауіп төндіруде. Медицина қызметкерлері өздерінің азаматтық және кәсіби парыздарын абыроймен атқарып жүр. Осы орайда, халықтың саулығы үшін қызмет еткен Жамбыл облысына сыйлы, құрметті ардагеріміз туралы сөз етсек.
Мырзабекова Гүлфайра Құралбекқызы, 1959 жылы туылған, қазақ, білімі жоғары, 1985 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын аяқтады. Институтты бітіргеннен кейін 1985 жылдан 1987 жылға дейін Зауыт аудандық СЭС эпидемиологиялық дәрігері, 1987 жылдан 1992 жыл аралығында эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі, 1992 жылдан 1994 жылға дейін Сарысу аудандық СЭС эпидемиологиялық дәрігері, 1994 жылдан 1995 жылға дейін Жамбыл облысы СЭС, дезинфекция бөлімінің дезинфекционист-дәрігері қызметін атқарды. 1995 жылы эпидемиологиялық бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды. 2009 жылы департамент директорының орынбасары болып тағайындалып, 2018 жылы зейнетке шыққан. Санитариялық-эпидемиология саласында 33 жыл қызмет атқарған.
Қазіргі уақытта, Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас эпидемиологы, Жамбыл облысы бойынша жұқпалы аурулар қатерін басқару консультативтік – әдістемелік орталығының басшысы.
Жастармен өмірлік және практикалық тәжірибеммен бөлісіп, Жамбыл облысының тұрғындарының денсаулығын қорғау ісіне ат салысуда.
Жұмыс барысында өзін теориялық және тәжірибелік дайындығы мол білімді маман ретінде көрсетті. Департаменттің басшылық ететін барлық бөлімдерінің жұмыстарын ұйымдастырған. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің нормативтік базасын қалыптастыруға мемлекеттік және өзге де органдардың құжаттарын әзірлеуге қатысқан. Өзінің құзыреті шегінде төмен тұрған бөлімшелер мен өзге де мекемелерге кеңес беру, әдістемелік және тәжірибелік жәрдем көрсетті.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық, қоғамдық және өзге де комиссиялардың жұмыстарына қатысқан. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын және қоғамдық денсаулық сақтауды қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша шараларды жүзеге асырған. Өз әріптестерінің арасында ғана емес, облыстық ведомстволық мекемелердің, атқарушы органдардың басшылары арасында сыйлы, абыройлы.
Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың түрлі салалары бойынша өз білім деңгейін көтеруде тынбай еңбек еткен, жоғары біліктілік санаттағы дәрігер.
Ерең еңбегі бағаланып, мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар алған: «Еңбек ардагері» медалі, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін» төс белгісі, «Еңбек ардагері төсбелгісі.
Бүкіл саналы ғұмырында абыройлы еңбегі мен ғылыми ізденісі арқылы үлгі болып, өмірлік тәжірибесі мен еліне жасаған қалтқысыз қызметінің арқасында тұлғаға айналған.