Етті дұрыс таңдау - салауатты тамақтанудың негізі

Етті дұрыс таңдау - салауатты тамақтанудың негізі

              Жазда бәрімізге белгілі болғандай, жедел ішек инфекцияларымен ауыру қаупі артады. Мұның бір себебі- өнімді дұрыс сақтамау болып табылады. Бізге дастарханымызды ет өнімдерінсіз елестету қиын.

              Ет таңдауға ерекше көңіл бөлу керек. Өйткені, сапасыз өнімнен улану қаупі жоғары болады. Сондай-ақ, одан "Сібір жарасы", "Бруцеллез" сияқты қауіпті аурулар беріледі. Сондықтан сапалы етті таңдауға қосымша 5 минут уақытыңызды жұмсауға ерінбеңіз.

Сіздерге сапалы ет таңдау үшін қажет болатын пайдалы кеңестерді ұсынамын:

- Етті тек ұйымдастырылған сауда орындарынан, яғни дүкендер мен базарлардан және супермаркеттерден сатып алыңыз!!!

- Еттің сыртқы түрі мен иісіне көңіл бөліңіз. Еттің иісі шикі еттің өзіндік иісіне тән болуы керек.

- Таңбалауға назар аударыңыз! Таңбалауда міндетті түрде: өндірушінің атауы және оның мекенжайы, өнімнің түрі, дайындалған күні, сақтау шарттары (температуралық режим), сақтау (өткізу) мерзімі көрсетілуі тиіс.

              Сатушылардан «ветеринариялық ілеспе құжатты» көрсетуді талап етіңіз. Сіздің оны сұрауға құқығыңыз бар. Сойылғаннан кейінгі етке міндетті түрде ветеринариялық ілеспе құжаттарды бере отырып, етті толық ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткізеді. Ветеринариялық ілеспе құжат (түпнұсқа) ет толық сатылғанға дейін сатушыда сақталуы тиіс.