Ол мұқтаж адамдарға уақытында көмек қолын созуды білді...

Ол мұқтаж адамдарға уақытында көмек қолын созуды білді...

             Бақберген Сағымқожаұлы Айжігітов 1963 жылы 19 қазанда Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылында дүниеге келген. 1981 жылы мектепті бітіргеннен кейін Қарағанды мемлекеттік медицина институтына оқуға түсіп, санитарлық-гигиеналық факультетті сәтті аяқтады.

             1991 жылы Балқаш аудандық санэпидстанциясының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалып, осы лауазымда 1996 жылға дейін жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде қызмет атқарды – тұтынушылардың құқықтарын қорғау және мониторинг бөлімінің бас маманы болды.

              Айжігітов Бақберген Сағымқожаұлы COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысты.  Мәселен, коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайға, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пандемия жариялауына және Нұр-Cұлтан және Алматы қалаларында қосымша шектеу, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың енгізілуіне байланысты Бақберген Сағымқожаұлы Нұр-Cұлтан қаласының блок-бекетіне санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру үшін Нұр-Cұлтан қаласына іссапарға жіберілді.

             2020 жылдың 6 мамырында қызметкерлер арасында COVID-19 коронавирустық инфекция жағдайларының тіркелуіне байланысты "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС филиалы "Карагандацветмет" өндірістік бірлестігінің "Нұрқазған" кенішінде эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізді.

             Айжігітов Бақберген Сағымқожаұлы Бұқар Жырау ауданы халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығына даусыз үлес қосты, өзінің еңбек қызметін және өмірін халықтың денсаулығын сақтау ісіне арнаған, жоғары білікті маман болды, әріптестері арасында лайықты құрмет пен беделге ие болды, өзінің жинақталған тәжірибесі және білімімен әрдайым бөлісті, жастар үшін жарқын үлгі және тәлімгер болды, әрқашан өте белсенді, мақсатқа ұмтылған адам бола білді.

            2020 жылғы 12 мамырда ПТР зерттеулерінің нәтижелері бойынша Бақберген Сағымқожаұлында COVID-19–ға оң нәтиже анықталды - ол Қарағандыдағы Х.Мақажанов атындағы көпсалалы клиниканың инфекциялық бөлімшесіне жатқызылды. Бірнеше күннен кейін, 2020 жылдың 5 маусымында Бақберген Сағымқожаевичтің қайтыс болғаны туралы қайғылы хабар келді.

            Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 маусымдағы №348 Жарлығымен Бақберген Айжігітов қайтыс болғаннан кейін коронавирустық инфекциямен күресте ерекше көзге түскен азаматтарды көтермелеу үшін "Халық алғысы" медалімен марапатталды. Кейінірек, 2020 жылғы 13 шілдеде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, халықтың денсаулығын қорғаудағы қажырлы еңбегі үшін Бақберген Сағымқожаевичті қайтыс болғаннан кейін "Парасат" орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

             Ал бірнеше күн бұрын, 2022 жылғы 5 маусымда әріптестерінің бастамасымен және әріптестері қаражаты есебінен Бұқар жырау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ғимаратында мемориалдық тақта салтанатты түрде ашылды.

Оның әріптестері марқұм санитарлық дәрігер туралы жылы пікірлер айтуда:

– Біз онымен бірге шамамен 30 жыл жұмыс істедік. Пандемия басталған кезде ол Нұр-Сұлтандағы блокбекеттерге жұмыс істеуге кетті. Осыдан кейін ол күрделі эпидемиялық тұрғыда күрделі учаскелерде болды. Біз тіпті оның ерте айрйлатынымызды көзге елестете алмадық... Қазір оның ісін баласы жалғастыруда. Ол бізбен бірге жұмыс істейді, - дейді Гүлбарам Қазайқызы.

- Бақберген Сағымқожаұлы біздің басқармаға 2012 жылы орналасты, онымен біз 10 жыл жұмыс істедік. Ол өзін ұқыпты және жауапты әріптес ретінде көрсетті, - деп еске алады Виктория Ибрагимовна. - Бақберген Сағымқожаұлы ең басты қасиеттерінің бірі - бұл мұқтаж адамдарға уақытында көмек қолын созу, жұмыста шексіз жүгіру арасында уақтылы тоқтау және өзінің мейірімділігін көрсету. Оның маңызды қасиеті - ризашылықпен көмек ала білу. Біз осы әріптесмімізді үнемі жақсы сөзбен, сағынышпен еске аламыз. Бірде-бір ұжымдық іс-шара оның әндерінсіз, әзілдерінсіз өтпеген. Ол өте белсенді болды, әрдайым спорттық шараларға қатысты.

             Бақберген Айжігітов барлық әріптестеріне ризашылықпен қарады, әрдайым қайырымды, күлімсіреп жүретін: Бақберген Сағымқожаұлы жанында жұмыс істегендер оның мейірімділігіне, шынайылығына және әрқайсысына деген жауапкершілігіне баса назар аударды. Әріптестері оның кәсіби көзқарасы үшін де ризашылықтарын білдіреді, соның арқасында қысқа мерзім ішінде жылдар бойы үйренгендерін жасауға үйренді.

              Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз торқа болсын, әріптес!