Өз ісіне адал маман

Өз ісіне адал маман

              Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Севостьянов Юрий Иванович өмірінің 38 жылын санитариялық қызметке арнады.

              Қарағанды мемлекеттік медицина институтының түлегі санитариялық қызметке 1985 жылдың шілдесінде келді. Алғашқы еңбек қадамын Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында балалар мен жасөспірімдер гигиенасы жөніндегі санитариялық дәрігерінен бастады.

              Бірнеше айдан кейін жас маман Қостанай облысына қадам басып, еңбек жолын осы жерде жалғастыруға шешім қабылдады. Киелі мекенде беделді жұмыс жасады. Юрий Иванович комуналдық санитария жөніндегі санитариялық дәрігер, санитариялық-гигиеналық зертхананың меңгерушісі, басшының ұйымдастыру жөніндегі орынбасары, мектепке дейінгі балалар мен білім беретін ұйымдарды санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды.   Жалпы, өңірдің санитариялық әл-ауқатының жақсаруына маман отыз жылдан аса үлес қосып келеді.

              Мансабындағы жауапты сәттердің бірі COVID-19 пандемияның басталуы мен өршіген кезеңі болды. Юрий Иванович тұрғындармен күнделікті жұмыс жасады: қаулыларды алғашқы болып түсіндірді, аймақ тұрғындарының сұрақтарына жауап берді, жағдайды жіті бақылауда ұстады. Апта сайын болатын брифингтер арқылы бұқараға ақпарат ұсынып отырды.

             Юрий Иванович короновирустық инфекцияға қарсы вакцинаны алғашқылардың бірі болып алды. Бұл көптеген әріптестеріне үлгі болды және халықты ынталандырды. Ауыр кезеңдер мен қиын жылдарға қарамастан, Севостьянов өзінің сүйікті ісіне – өз кәсібіне адал болып қала берді.

             Ғұмырын адамдардың денсаулығын қорғауға арнаған әрбір жанның үлесі орасан зор, бағалы. Өйткені бұл жұмыс күнделікті күш-жігерді талап етеді. Көп жылғы еңбегі еленіп, Юрий Иванович «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісіне, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» төсбелгілеріне ие болды. Бірақ, оның ең басты марапаты – әріптестерінің құрметі мен махаббаты.

            Ағымдағы айдың соңында Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары Юрий Ивановичті құрметті демалысқа шығарып салады. 38 жылға созылған мінсіз қызмет –  таңдаған кәсібіне адалдығы мен еңбексүйгіштігінің айқын дәлелі. 

            Біз Юрий Ивановичке зор денсаулық және ұзақ өмір тілейміз.