Тамақ өнімдері санитариялық-эпидемиологиялық қызмет бақылауында

Тамақ өнімдері санитариялық-эпидемиологиялық қызмет бақылауында

              Өнім қауіпсіздігінің мониторингі шеңберінде ағымдағы жылдың 5 айында Қарағанды облысының сауда объектілерінде 1 670-тен астам тамақ өнімдерінің сынамалары сатып алынды, оның ішінде 9%-ы отандық және 91%-ы импорттық өндіріс.

               Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша зерттелетін тамақ өнімдерінің 7,1%-ы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді. Сәйкес келмейтін сынамалардың ең көп пайызы Ресей, Беларусь Республикасы, Украина сияқты басқа елдерден әкелінетін өнімдерге тиесілі.

                 Сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің жалпы санының 8,6%-ы ет және ет өнімдеріне, 7,8%-ы сүт және сүт өнімдеріне, 10,7%-ы балық және балық өнімдеріне, 6,8%-ы құс еті мен құс өнімдеріне тиесілі.

                  Мониторинг нәтижесі бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің атына бұзушылықтарды жою туралы 53 нұсқама жолданды. Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін жалпы сомасы 83 886 теңгеге 39 кг тамақ өнімі алынып, жеткізушілерге қайтарылды.

                  Негізгі бұзушылықтар таңбалауға келеді және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің 71%-ын, микробиологиялық көрсеткіштер 11%-ды, физика-химиялық көрсеткіштер бойынша және жарамдылық мерзімі өткен өнімдер 9%-ды құрады.

                   Таңбалаудың негізгі бұзушылықтары: мемлекеттік және орыс тілдерінде, дайындаушының атауы және т. б. ақпараттың болмауы.

                   Демек, таңбалауды мұқият зерттеу — қаптамада және заттаңбада орналастырылған ақпарат Сізді және сіздің отбасыңызды сапасыз және (немесе) қауіпсіз емес өнімдерден қорғайды.