
Қазіргі таңда халық тұтынатын өнімдердің қауіпсіздігі-өзекті мәселелердің бірі.Күнделікті өмірде тұтынатын өнімдердің түріне,сипатына көпшілігіміз мән бермейтініміз анық.Таңдау барысында келеңсіз жағдайлар орын алып жатады.
Осыған сәйкес,Атырау облысы және қала аумағы бойынша ағымдағы жылдың әр айында көтерме және бөлшек сауда нысандарынан өнім сынамалары іріктеліп алынып, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы санитарлық ережелерге және Кеден Одағының Техникалық Регламенттері талаптарына сәйкестігін қадағалау мақсатында зертханалық зерттеумен барлық өнім түрлері қамтылып отыр.
Ағымдағы жылдың 5 ай қорытындысы бойынша 1498 өнім сатып алынды. Алынған өнімдернің 17 % сәйкессіздігі өндіруші тарапынан өнімдердің таңбалану көрсеткішінің көрсетілмеуінен болып отыр. Яғни өнімдердің мемлекеттік тілде заттаңбасының болмауынан, өнімнің атауын, өндірушінің атауы мен мекен-жайын, шығарылған күні және сақталу уақыттарын дұрыс көрсетілмегендігінен.
Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктер-0,9% құрайды. Атап айтсақ, адам өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін анықталған өнімдер.
2022 жылдың 5 айында анықталған бұзушылықтар бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 110 ұйғарым беріліп, міндетті түрде жою тәртібі түсіндірілді. Берілген ұйғарымдарды тексеру қорытындысы бойынша саттықтан 357,59 кг. өнімдер жеткізушілерге қайтарылды.
Жоғарыда аталған мәліметтерді қаперге ала отырып, Атырау облысы және қала аумағындағы сатушыларға өнімдерді сату барысында өнімдердің мемлекеттік тілде заттаңбасы болуын, сақтау шартын, жарамдылық уақытын қадағалауды басты назарға ұсынамыз.
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұтынушыларды өнімдерді таңдауда мұқият болуға-жапсырмадағы таңбалауды зерттеп қарауға шақырады.
Тұтынушыларды өнімдерді сатып алу барысында аталған ережелерді басшылыққа ала отырып, өнімнің заттаңбасына мән беріп, қауіпсіз өнім таңдауға, өнімдердің сақталу, тасымалдау ережелерінің бұзылғаны анықталған жағдайда жергілікті санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасына хабарлау керектігін қаперіңізге береміз.