Суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шаралары

Суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шаралары

Ержан Байтанаев,

Санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау комитенінің ресми өкілімен сұхбат

 

Жаз айы шомылу маусымы, демалу маусымы екені белгілі. Осы ретте азаматтар табиғатқа шыққанда нені ескерген жөн.

Халық демалатын орындарда жатуға арналған жабдық, көлеңкелі қалқалар (шатыр), киім ауыстыратын орындар мен  басқа да құралдар болуы тиіс. Сонымен қатар, бұл демалыс орындары "шомылуға рұқсат беретін белгілермен"  қамтамасыз етілуі қажет.

Мысалы, Санитариялық қағидалардың талаптары сақталмайтын жерлерде, сондай-ақ жарақат алу қаупі бар жерлерде "шомылуға тыйым салатын белгілер" міндетті түрде болу керек. Бұл белгілер жергілікті атқарушы органдармен орнатылады.

Демалыс орындарына барған кезде мынадай қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:

- Жағажайда міндетті түрде "су иірімі"  бар жерден аулақ болу керек, қоршау шегінде балаларды, олардың отырған (орналасқан) жерлерін бақылап, оларға көз қырын салып отыру қажет;

- Күн соққысының (бастан күн өту) алдын алу мақсатында бас киімді пайдаланып,  шатыр астында немесе қолшатыр астында отыру керек;

- Кене шағу мен шыбын-шіркейдің алдын алу үшін арнайы құралдарды (репелленттерді) қолданып, киімді дұрыстап, мұқият киюді қадағалап және жиі-жиі теріні визуалды тексеріп тұру керек;

- Ішек инфекциясының алдын алу үшін жеке гигиенаны сақтап, су айдындарынан су ішпей, бөтелкедегі суды өзіңізбен бірге үнемі алып жүру қажет және тек қана жуылған жемістер мен көкөністерді жеу керек;

- Шомылатын аумақтың жай-күйіне (тұрмыстық және құрылыс қалдықтарымен қоқыстануы секілді), су бетінің жай-күйіне назар аудару қажет және демалғаннан кейін өздеріңізден қалған қалдықтарды (қоқыстарды) тазалап кетуді ұмытпау керек (себебі, табиғатты аялау, қоршаған ортаны ластамау, қоғамдық-мәдени орындарда тазалық сақтау әрбір азаматтың міндеті ғой)

 

Жағажайлардағы судың сапасы, судың қасиеті мен құрамына қойылатын гигиеналық талаптар қандай?

Су айдындарындағы судың сапасы мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына қойылатын талаптар айқындалған санитариялық қағидалар шеңберінде бақыланады.

Анықтама:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су алу орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық суды пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидалары.

Су айдындарының суында инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштары болмауы керек, адам денсаулығына кері әсерін тигізетін зиянды химиялық заттардың концентрациясы ШРК-дан (шекті рұқсат етілген концентрат-ШРК) аспауы керек.

Анықтама: Жаппай демалыс, туризм және спорт үшін екінші санаттағы су айдындары пайдаланылады – бұл жер үсті су объектілері, олардағы су келесі көрсеткіштерге сәйкес келуі тиіс:

Ауру қоздырғыштары - судың құрамында ауру қоздырғыштары болмауы керек;

- Оңды лактозалы ішек таяқшалары (ЛІТ) - елді мекендер шетінде 5000 в дм3-дан артық емес, қайық-желкенді спорт үшін 10000 дм3, шомылу үшін 1000 дм3;

- Коли-фагтар (бляжко (тәріздес) түзетін бірліктерде) 100 в дм3 артық емес;  

- Гельминттердің өміршең жұмыртқалары (аскарида, власоглав, токсокар, фасциол), тениид онкосфералары және патогенді ішек қарапайымдыларының өміршең цисталары-1 дм3-де болмауы тиіс;

- Химиялық заттар - ШРК немесе ШРД асатын концентрацияларда болмауы тиіс.

 

Судың сапасын зерттеу қалай жүргізіледі?

 Демалыс орындары эпидемиологиялық маңызы бар объектілер болып табылады және объектінің "сәйкестігі" туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы керек, олар да жылына бір рет ерекше тәртіппен тексеруден өтеді.

Сонымен қатар, тіршілік ету ортасының микробиологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық объектілеріне ай сайын санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізіледі.

 

Республика бойынша жағажайларды ұйымдастыру орындарында су сынамаларын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде деген екенсіздер, нәтижесімен бөліссеңіздер.

Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің бақылауында 726 демалыс орны бар.

2021 жылы ашық су қоймасынан 3000-нан астам су сынамасы алынды, гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін сынамалардың үлес салмағы микробиологиялық көрсеткіштер (ішек таяқшасы) бойынша 12%-ды, санитариялық-химиялық көрсеткіштер (нитриттер, құрғақ қалдық) бойынша 4% - ды құрайды.

Анықтама.

2021 жылы микробиологиялық зерттеулерге 2272 су сынамасы алынды, оның ішінде 286 сынамада оңды лактозалы ішек таяқшалары бойынша санитариялық нормалар талаптарына сәйкессіздік анықталды (тиісті емес сынамалардың үлес салмағы 12,6% - ды құрады).

2021 жылы санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 944 су сынамасы іріктеліп алынды, оның ішінде 42 сынамада нитриттердің құрамы, оттегінің биологиялық және химиялық қажеттілігі, құрғақ қалдық бойынша гигиеналық талаптарға сәйкессіздік анықталды (тиісті емес сынамалардың үлес салмағы 4,4% - ды құрады).

 Ағымдағы жылдың 5 айында 700-ден астам су сынамасы алынды, гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін сынамалардың үлес салмағы микробиологиялық көрсеткіштер (ішек таяқшасы) бойынша 1%-ды, санитариялық-химиялық көрсеткіштер (нитриттер, құрғақ қалдық, оттегінің биологиялық және химиялық қажеттілігі) бойынша 2% - ды құрады.

Анықтама.

2022 жылдың  5 айында микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 330 сынама алынды, оның ішінде 3 сынамада гигиеналық талаптарға сәйкессіздік анықталды (үлес салмағы-0,9%).

2022 жылдың 5 айында 370 су сынамасы алынды, оның ішінде 8 сынама гигиеналық талаптарға сәйкес келмеді (сәйкес келмейтін сынамалардың үлес салмағы 2,16% - ды құрады).

 Судың сәйкес келмейтін көрсеткіштері Ақмола, ШҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Түркістан облыстарында және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында анықталған, бұл судың ластанғанын айғақтайды.

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері осы объектілер үшін қызметті жүзеге асыруға, су көрсеткіштерін нормативтік көрсеткіштерге сәйкес келтіргенге дейін рұқсат беру құжаттарын бермейді.

Тағы да атап өткім келетіні, су айдындарындағы су сапасының нашарлауының негізгі себебі, объектілердің  қалдық суларын ағызуы, нөсер жаңбыр суларының түсуі, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтармен ластануы, үй жануарларын шомылдыру және автокөліктерді жуу, демалыс орындарында орналасқан қоғамдық тамақтану объектілері мен демалыс базаларының сарқынды суларын шығаруы, су қорғау белдеуінде малды ұстау және малды суару болып табылады.

Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдармен және Төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесіп жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.