Маймыл шешегін қайта жұқтыру қаупі бар

Маймыл шешегін қайта жұқтыру қаупі бар

             "Біз Батыс Африкада маймыл шешегімен ауырған дәрігердің кейінірек қайта вирус жұқтырғанына куә болдық. Иммунитет індетті қайта жұқтырудан 100% қорғай алмайды", - деді ДДҰ шешекпен күрес жөніндегі хатшылығының басшысы Розамунд Льюис.

              Дүниежүзілік ұйым маймыл шешегі таралуының алдын алуға болатындығын мәлімдеді. Науқастарға үйде оқшаулануға кеңес беріледі.

              Маймыл шешегі 27 елде анықталды. Бұл мемлекеттер негізінен Еуропа мен Солтүстік Америкада орналасқан.

               Қазақстанда маймыл шешегі тіркелген жоқ.