55 жыл астаналық санитарлық қызметінің бастауында жүрген ардагер

55 жыл астаналық  санитарлық қызметінің бастауында жүрген ардагер

              Санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің тарихи дәуірі  кезеніңде еңбек еткен бірнеше ұрпақтың өмірі жатыр. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының белсенді жұмысын атап өткен жөн. Мәселен, санитарлық қызмет ардагерлерінің ерең еңбегін атап өту керек. Олар біздің қызметіміздің мақтанышы. Солардың бірі, 55 жылдан астам өмірін санитарлық қызметке арнаған жоғары санатты эпидемиолог дәрігер Фрида Михайловна Штоль. 

               Дәрігер Ф.Штоль өз қызметін 1966 жылы Целиноград облыстық санэпидстанциясының дәрігер-эпидемиолог лауазымынан бастады. Екі жылдан кейін эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі болды, онда 31 жыл табысты жұмыс істеді. 1999 жылы Астана қаласының МСЭҚК дәрігер-эпидемиологы лауазымына ауысып, онда 2003 жылға дейін жұмыс істеді. Сол жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық Сараптама орталығында дәрігер-эпидемиолог лауазымында жұмыс істеп келеді.

               Фрида Штоль бактериолог және вирусологтармен бірге халықтың әл-ауқаты мен өмірін сақтау үшін жұқпалы аурулардың кең таралған індеттерін оқшаулауға қатысқан Республикалық маңызы бар кәсіби маман.

              Жұмыста ол әрқашан өзінің көп жылдық тәжірибесін ғана емес, сонымен қатар заманауи ғылыми тәсілдерді, қатаң заңнамалық және нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып, үлкен құрметке ие болуда. Оның жетекшілігімен ондаған диссертациялар қорғалды, көптеген нұсқаулықтар мен мақалалар жарық көрді. Жас ұрпақ одан кәсіби және өмірлік тәжірибе алады, даналыққа және таңдаған мамандыққа адал қызмет етуге үйренеді. Осылайша, жас мамандардың бірқатар ұрпақтарын, оның ішінде медбикелерден бастап денсаулық сақтау басшыларына дейін, тіпті арасында депутат лауазымындағы тұлғаларға ұстаздық етті.   

             Оны алғаш көрген жас эпидемиологтар үлкен жасына қарамастан оның  кәсібилігі мен тиімділігіне таң қалады. Биыл Фрида Михайловна 80 жасқа толды.

             Егде жасына қарамастан, ол әлі де мықты, өзінің нақты өмірлік ұстанымымен және берік сенімділігімен қызметін жалғастыруда. Бүгінде ол жұмыста сұранысқа ие, қалыптасқан кәсіби маман, денсаулық сақтау және ғылыми ортада құрметке ие елордалық санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің бетке ұстар тұлғасы.

             КСРО, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген медальдары мен марапаттары бар. Мысалы, Денсаулық сақтау бағыты бойынша сіңірген еңбектері үшін «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен, «Еңбектік қайраты үшін» медалімен, ССР Одағы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің грамоталарымен марапатталған. 2008 жылы эпидемиология мамандығы бойынша Жыл дәрігері болып аталды. 2012 жылы Медициналық қызметкер күніне орай «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

            Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен денсаулығы – осындай кәсіби қызметкерлердің нәтижесі. Фрида Михайловна сияқты ардагерлердің арқасында астаналық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі өзінің тарихи кезеңінде абыроймен жақсы із қалдыруда. Ардагерлерге төмен тағзым, шексіз құрмет және үлкен алғыс білдіреміз!